Alpin race! Дәстүрлі түрде өтетін экстремалды атлеттердің байқауы биыл да ұйымдастырылды. Шарада еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар мен алыс-жақын шетелден келген қатысушылар бақ сынады.
Вадим Винокуров, «Alpin Race» жобасының ұйымдастырушыcы:
– Бұл шара 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді. 10 жылдан астам уақыт өтіпті ғой. Биыл 700 қатысушы тіркелді. Бұл қысқы шара үшін өте үлкен көрсеткіш. Испания, Ресей сынды елдерден де келіп қатысатындар бар.
Кәсіпқой әрі әуесқой споршылар әдеттегідей скай-раннинг, ски-альпинизм мен ски-тур сынды 3 бағыт бойынша сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтады. Сондай-ақ, биыл балаларға арналған қашықтық ашылып, кішкентайлар да бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.
Вадим Шкляр, «Alpin Race» жобасының жүргізушісі:
– Биыл балалар да қатыса алады. Жыл сайын ата-аналарын қолдап келетін кішкентайлдарды және олардың сайысқа деген құлшынысын байқаймыз. Сондықтан осы жылы оларға да қатысу мүмкіндігін сыйлайық дедік. Бастысы оларға арналған қашықтық жастарына сай етіп жасалды.
Ұйымдастырушылар қауіпсіздік шараларын ескергенін алға тартады. Қатысушылардың амандығы біз үшін бірінші орында дейді.
Вадим Винокуров, «Alpin Race» жобасының ұйымдастырушыcы:
– Балаларға арналған қашықтықтан бастап, сайыс өтетін барлық кеңістік волонтерлердің бақылауында. Егер қатысушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлағанын байқаса рация арқылы хабар береді. Санаулы минутта мамандар барып, алғашқы көмек көрсетеді. Қар көліктері де дайын.
Жеңімпаздар жарты сағатта-ақ мәре сызығына жетті. Алғаш болып келген Қазақстанда тұрақтаған испаниялық Визуето Кастро Педро.
Визуето Кастро Педро, Alpin Race жобасының қатысушысы: (Испания)
– Скай-раннинг бағыты бойынша қытыстым. Біз 4,5 шақырымды еңсердік. 37 минутта финишқа жеттім.
Қанат Тазабеков, «Alpin Race» жобасының қатысушысы:
– Осы жарыста екінші орын алдым. 48 минутта кесіп өттім. Тәннің әрі жанның рахатын осындай жарыстарда сезінемін. Өзім тауда жүгіргенді жақсы көремін. Демалыс сайын жүгіріп тұрамыз. Ләззат аламыз таудан, жүгіруден.
Сіз де тау шыңдарын бағындырған желаяқтар қатарына қосылғыңыз келсе, жақында Tengri Ultra марафонының өтетінін хабарлаймыз. Скандинавиялық жүріс, балаларға арналған қашықтық, вело-жарыс бойынша да сынға түсе аласыз. Байқау жайлы толығырақ білгіңіз келсе, athletex.kz ресми сайтына өтіп, толық ақпаратты біле аласыз.