Kazakhstan Fashion Week! Тұрсын Алагөзов подиумда өнер көрсетті.

Сообщить о проблеме с эфиром

3 күнге созылған Kazakhstan Fashion Week өз мәресіне жетті! Аталмыш шара әр жыл сайын үздік дизайнерлердің топтамаларын ұсынып, өнер кеңістігіндегі жұлдыздардың басын қосады. Ал 38-маусымның ең жарқын сәті - қазақтың примадоннасы Роза Рымбаеваның подиумда өнер көрсетуі болды.

Қобалжу бар ма?

Роза Рымбаева, Қазақстанның Халық әртісі, әнші:

Әрине. Мен үшін бір емтихан. Себебі, мен мынандай жап-жас сұлу қыздардың арасында жүріп, өзімше мен де модель боламын да. Ерекше қуаныштымын. Ерекше бір сезім қобалжу болып тұр енді.

 

Бұл жолғы топтамасын Роза Қуанышқызына арнап, оған көйлек тіккен дизайнер Аида Кауменова. Сахна жұлдызы әу баста подиумда өнер көрсетемін деп ойламаған. Алғашында фэшн-шоу ұйымдастырушылары одан көрмеге 30 көйлегін беруді ғана өтінген.

Роза Рымбаева, Қазақстанның Халық әртісі, әнші:

Сосын «Сіздің әніңізге шығамыз!»-, деді. Рұқсатымды бердім. Кейін финалға жақындаған кезде, сіздің әніңіз болады сол кезде өзіңіз шығыңыз!» дейді. Мен айттым: Мен өзім шықпаймын, мен әнмен ғана шығамын деп. Сонымен әнмен шығайын деп жатырмын.

Аида Кауменова, дизайнер:

Негізі Роза Куанышовна қазір осы Kazakhstan Fashion Week-қа қатысып жатқаны, ол деген білесіз бе біздің индустрияға, бізге, отандық дизайнерларға өте үлкен сондай көмек. Өйткені біздің шашбауымызды көтеріп жатыр ғой.

Алдағы уақытта тағы да осылай подиумға шығуға ұсыныс түссе, қабылдайсыз ба?

Роза Рымбаева, Қазақстанның Халық әртісі, әнші:

Ойланып көреміз деп қояды...Мен енді подиумға шығатын сәнбике емеспін ғой. Бойым да келмейді менің.

 

Аида Кауменова бұл жолғы топтамасын дайындауға 4 ай уақытын жұмсаған. Дизайнердің келесі жұлдыз моделі – бизнесмен Тұрсын Алагөзов. Еске салайық, бұл кәсіпкердің бірінші көрсетілімі емес.

Баян Алагөзова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, продюсер:

Ол мұндай сән шоуларды маған қарағанда көбірек жақсы көретін сияқты. Енді біз шығармашылыққа жақын отбасы болғандықтан, сән апталықтарын жақсы көреміз. Жібермеуге тырысамыз. Енді міне Тұрсын де модель болып ақша тауып жүр.

Ал, күйеуіңіздің модельдік қабілетін қалай бағалайсыз?

Егер адам қалап тұрса, оның жолын жапқым келмейді. Әрине ұсыныс келгенде күйеуім бірінші менімен ақылдасты. Мен бірден қолдай кеттім. Тыйым салған сайын, ережені бұзғың келіп тұрады. Ең дұрысы: ақ жол саған, махаббатым! – деп қолдау білдіру.

 

Бірінші бөлімнің шымылдығын Роза Қуанышқызы ашса, танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші бөлімін жалғастырды. Ол өзінің лугын желідегі Айлуна образында таныстырды. Дизайнер Адилия Ботабаева өнерпазбен жұмыс істегеніне 6 жыл уақыт болған екен.

Адилия Ботабаева, дизайнер:

Онымен жұмыс істеген өте қызық. Себебі, ол менің брендімнің музасы. Оған менің луктарым ерекше жарасады. Оның үстіне Айжұлдызда жарқын образдарды жақсы көреді.

Мәдина Сәдуақасова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші:

Бүгін енді тіпті тамаша болды. Негізі мен Роза Қуанышованың бүгін алғашқы дебюты сән әлеміндегі. Соны көріп тамсандық. Алексей Джиннидің коллекциясы да ұнады.

 

Kazakhstan Fashion Week-тің 38-маусымы тек көпті мойындатқан шеберлердің топтамаларын ұсынумен шектелмеді. Ауқымды шара аясында жас дизайнерлер байқауы ұйымдастырылды. Нәтижесінде Якутиядан келген Сандаара Порохонькоға жеңімпаз атанып, шоудың 39-маусымында топтамасын ұсынуға мүмкіндік алды.

Сандаара Порохонько, жеңімпаз (Якутия):

Менің топтамам Якутиямен тікелей байланысты. Нақтырақ айтсам табиғатымен. Сонымен қатар мен оған ерекше детальдар қостым. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын.

 

Kazakhstan Fashion Week – тек қана сән көрсетілімі ғана емес, ол талғам қалыптастыратын ғажайып алаң! Ендеше шоудың келесі маусымында жүздескенше!