Eurasion fashion week 11-маусымының шымылдығын түрді. Сән апталығының тақырыбы - Mura. Silent code.
Ирина Байжанова, EEW бас продюсері:
– Бұл маусымды - мұра деп атадық. Сән арқылы мұраны насихаттаудың маңызын ұғындырмақпыз. Бұл апталық ұлттық код, үнсіз салтанат жайлы. Себебі, нағыз сән артық жарқыл мен айғайды қажет етпейді.
Бұл маусымның бренд-амбассадорларын ұйымдастырушылар тыңғылықты таңдаған. Ендеше таныс болыңыздар EFW-ның бет-бейнелері Томирис Жангазинова, Нұрай Жеткерген жән Әлия Бөтеева мен Айдана Сахари, Аида Құрманғалиева.
– Образыңызға тоқталайықшы. Бүгінгі кештің тақырыбымен байланыстырғаныңыз көрініп тұр. Сәнгер жинап берді ме, өзіңіз құрастырдыңыз ба?
Нұрай Жеткерген, актриса:
– Өзім құрастырдым, тақырыпқа сай, қоңыр-қызғылт түстерді таңдадым. Артта көз белгісі бар. Бұл гала кеш болған соң, элементтер қойып келейін дедім.
Күні кеше өткен гала кездесуде ұйымдастырушылар биылғы сән апталығының бағдарламасын таныстырып, ЕFW-ның құндылықтарын атап өтті.
Ирина Байжанова, EEW бас продюсері:
– Биыл да шарада kids day болады. Әдеттегідей ерекше балаларды подиумға шығарамыз. Олардың қаншалықты жарқырай алатынын көресіздер. Ерекше деп аталатын фильмді көрген боларсыздар. Сол толықметрдің кейіпкерлері де, яғни бочо спорты бойынша чемпиондар да сән көрсетеді.
Биыл EFW подиумында жарқырауды армандаған 500-ден астам сәнгер кастингке қатысқан екен. Қатаң іріктеуден өткен 150 модель дизайнерлердің топтамасын 13-14 мамыр күндері таныстырмақ.
– Подиумға шығасыз ба биыл?
Айдана Сахари, актриса:
16 жасымнан модельмін. Мен енді 2-3 жыл болып қалды дизайнерлер дің шақыртуымен қайта қатысып жүрмін. Мен үшін қуанышты жәйт, мен подиумды сағынамын.
– Биыл қай сәнгердің киім үлгісін таныстырасыз?
– Құпия боп қалсын.
Ұйымдастырушылар сәнбике ретінде бақ сынауға Томирис Жангазинова мен Аида Құрманғалиеваға да ұсыныс білдірген екен. Алайда сылқымдар топтамаларды көрермен залынан тамашалауды ұйғарған. Есесіне блогер, Әлия Бөтеева подумға шығып, ерекше перформанс көрсетпек.
Әлия Бөтеева, блогер:
– 14 мамыр күні көре аласыздар. Алдын ала айтқым келмейді. Мен этно стилдегі киімді таныстырамын. Және образым арқылы қыздарға үндеу жасаймын десем де болады.
Қандай үндеу деп таңырқауыңыз мүмкін. Бізге де беймәлім. Әйел затына жолдау жасауға бекінгеніне қарағанда бір жыл бұрын сүйіктісі Шәріп Серікпен болған оқиғаға қатысы бар-ау деп болжадық. Десе де нақтысын сән апталығының екінші күні біле аламыз.
Автор: Д. Қыдырбек