«Қайрат үшін келдім!» Әйгілі жұлдыз Loboda Қазақстанда.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Әрқашан праймда! Әр әні хит кім?» дегенде екінің бірінің есіне Қайрат Нұртас түседі десек, қателеспейміз. 2006 жылы алғашқы трегі «Арман» жарық көргеннен бастап, бүгінге дейін елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрген легенда 1 жылда екінші соло концертін берді!

Жансерік Қадырбаев, продюсер, блогер:

Легенда деуге толық негіз бар. Легенда бір жылдың ішінде 50 мың адамды тек Алматы қаласында, жинай алатынын дәлелдеді. Негізі бұл Алматы қаласында екінші рет жасап жатқан себебіміз бірінші концерттен кейін көп хаттар келді. «Үлгермей қалдық, біз бармадық!» - деген сияқты.

 

Қайрекең биыл Лободамен жаңа фитінің тұсауын кесіп, шоу жасады. Қайрат Нұртасқа Светланамен дуэт орындау жайлы идея 2 жыл бұрын келген-ді. Бірақ танымал сылқым ол кезде іштей дайын болмапты мыс. Бірақ кейін поп-жұлдыз Нұртас-тегіне өзі ұсыныс жасаған екен.

LOBODA, артист:

Қазақстанның ең танымал артисімен фит жазудың уақыты енді келді деп ойладым. Себебі мен бұған толықтай дайын болдым. Мен Қайратты сөзсіз легенда деп есептеймін!

 

Лободаға бұл жұмыс процесі оңайға соқпаған. Себебі, шетелдік артист қазақша әріптерге тілі келмей, біраз жаттыққан-ды.

ТИТР: LOBODA, артист:

Біз әнді 1 айға жуық уақытта дайындадық. Бірінші Jamal и Ganja битін шығарды. Кейін әуені жазылды, мен де өз тарапымнан Қайратқа идеяларымды жіберіп отырдым.

 

Шетелден арнайы Қайрат үшін келген Лобаданы шақыру, продюсер Жансерік Қадырбаевтың қалтасын біраз жұқартқан-ды. Еске салайық, Қадырбаев мырза қараша айында стадионда өткен мега концертті де өзі ұйымдастырған еді.

Жансерік Қадырбаев, продюсер, блогер:

Бұл жолы кішкене билеттеріміз қымбаттау болды. Себебі, шетелден келетін қонағымыз бар. Шығын көп болды.

Былтырғыдан 2 есе көп қой иә демек? Әлде үш есе?

Кеткен шығын ол стадионда әрине ол түсінікті ол иә. Ол жақта шамамен 700 мың доллардай ақша кетті. Бұл жақта енді азырақ, алаң кішкентай болғаннан кейін. Дегенмен жаңағы қонақтарымыз қымбат.

 

Қайраттың тыңдарманына арнаған тосынсыйы Лободамен шектелмеді. Концерттің құпия қонағы Төреғали шыққан сәтте, жиналған халық шығармашылығында біраз үзіліс алған Төрешті көргеніне қуанышты екенін, ерекше қошеметпен көрсетті.

Байқаған шығарсыз, халық сізді сағынған екен?

Төреғали Төреәлі, әнші:

Сағынған екен. Мен де сағындым. Халықтың сағынышы сезіліп тұр. Көрініп тұр. Жиналып отырған халық, адамдардың барлығы келіп отырған халық шын жанашырлары. Ешкімді бөліп жармай, бізге дегенде қошеметін аяп тұрған жоқ.

 

Былтыр стадионда сахнаға билеп шығып, әкесіне қолдау білдірген Алаука, биыл онымен «My Universe» хитін бірге шырқады. Ал Нарұл болса...

Нарұл Қайратұлы, Қ. Нұртастың ұлы:

Менің әлі уақытым келеді шығуға, келесі жылы мүмкін шығамын. Әкеммен бірге ән айтамын. Бірақ, қазір енді сабағымды оқып, уақытым болмай жүр.

 

Қайрат Нұртас тек өзі емес, оның отбасы да әрдайым ел аузында. Олардың жанұясына көпшілік қызыға да, қызғана қарайды. Өнер иесі «Сені сүйем» әнін орындаған сәтте отбасын сахнаға шығарып, тағы да халықты сүйсіндірді.

Әкеңіздің концертінде қандай қызмет атқарасыз?

Нарұл Қайратұлы, Қ. Нұртастың ұлы:

Мен осы жай әкеме көмектесіп жүрмін. Бірдеңе әкел, бірдеңе сұраса істеймін. Сол осы менің жұмысым. Мен өзім айтқанмын: «Әке, мен көмектесейінші. Осы концертіңізге бір үлес қосайыншы» - деп айтқанмын өзім.

 

Қайраттың соло кеші солдаутпен өтті! Алаңға жиналған 12 мың адам легенданың туындыларын бірге шырқап, ғажайып атмосфераға бөленді. Трек-листінде 28 туындының барлығы жанды дауыста, лайв-бэндтің сүйемелдеуімен орындалды.

 

Автор: Ш. Құсаинова