Энрике Иглесиас Қазақстанға келмек! Әлемге танымал жұлдыз осы күзде Алматы мен Астана қалаларында ауқымды соло-кешін өткізеді. Шығармашылық ұжым елде болмаған таңғаларлық шоу ұйымдастырамыз деп
Ол Латын попының королі. 154 хит әннің орындаушысы. Оның альбомының 180 млн данасы сатылған. Бір кездері ол айтқан Bailando, Bailamos сынды танымал хиттері әлемнің түкпір-түкпірінде шырқалған еді. Телеарна мен радионы былай қойғанда, тректері би алаңдары мен түрлі кештерді де қыздыратын.
Концерт 3-қыркүйек күні Астанада, ал 5-қыркүйек күні Орталық стадионда өтпек. Хитмен Испаниядан басталып, АҚШ, Мексика, Үндістанда жалғасқан әлемдік турының жаңартылған бағдарламасын елімізде ұсынбақ. Қазақстаннан кейінгі локация – Словакия.
Энрикенің концертіне алыс-жақын шетелдіктер де ағылары сөзсіз. Қазірдің өзінде билеттердің басым бөлігі сатылған көрінеді. Сондықтан ғаламға танымал жұлдыздың кешіне келгіңіз келсе, ертерек қамданыңыз.
Энрикенің келуі ел үшін таңсық шара емес. Бұған дейін JLO сынды біршама танымалдар да елге ат басын бұрғанын айта кетейік.
Автор: Д. Қыдырбек