Алматы аспаны Каппадокияға айналды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мына көріністі тамашалаған соң, Каппадокияға барудың қажеті жоқ деп ойлайсың. Иә, Алматы аспаны түрлі-түске боялып, ерекше атмосфераға бөленді. Қазақстан, Германия, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан мен Қырғызстан секілді 6 мемлекеттің басын қосқан шарада 30-дан астам алып аэростат көкке көтерілді.

Наталья Расторопнова, International Balloon фестивалінің креативті продюсері:

Өздеріңізде байқаған боларсыздар, таңғы сағат 7 алғашқы 15 шар ұшырылды. Ауа райы таңертең өте қолайлы болды, сондықтан олар ұзақ уақыт әуеде қалықтады. Бірақ қазір жел күшейіп тұр, сол себепті қауіпсіздік мақсатында шарлар ұшпайды. Қазір батпырауықтарды көресіздер.

 

Фестивальге келгендердің арасында 20 жылдық тәжірибесімен көзге түскен ұшқыштар да бар. Солардың бірі -экваторды кесіп өтіп, Оңтүстік жарты шардан Солтүстікке дейін ұшқан германиялық әуе шарының пилоты.

Виктор Гапеев, ұшқыш (Германия) :

Таңертең адамдар жеткілікті келді деп айта аламын. Ал қазір түсте келушілер саны одан сайын көбейген. Біз бұл жерге шоу көрсету үшін келдік, бүгін сол мақсатымыз орындалған сияқты.

Александр Ширн, ұшқыш (Ресей):

Бүгін бәрі керемет өтіп жатыр. Керісінше күннің қатты ыстық болмағаны бізге қолайлы болды. Әрине, жел күшейсе, адамдардың қауіпсіздігі үшін ұша алмаймыз. Соған қарамастан келушілердің өте көп болғаны мені таңғалдырды. Мұнша халық болады деп күтпедім.

 

Фестивальде қазақстандық пилоттар да өз шеберліктерін көрсетті. Еліммізді атынан қатысқандар 2 сағаттың ішінде 200-ден астам адамды әуеге ұшырып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Бұл басқа аэростаттардың көрсеткішінен 2 есе жоғары.

Айтбек Мәди, ұшқыш:

Негізі, рұқсат қағазымен біз бүгінгі фестивальда 50 метр мен 80 метрдің ортасында ұша аламыз. Ал былайғы күндері рұқсат қағазымен 500 метрге дейін баруға бізде мүмкіндік бар, өйткені бәрі рұқсатта, рұқсатпен әрине.

Батыр, ұшқыш (Моңғолия):

Менің рекордым 1630 метр. Моңғолияда 1500 метр биіктікке дейін ұша аламын. Бірақ осы жақында менің рекордық көрсеткішім 163 болды, бұл мен үшін өте үлкен жетістік

 

Халық тек аэростаттарды тамашалап қана қоймай, фестиваль аумағындағы гастрономиялық аймақтарды аралады. 15 метрге дейін қалықтайтын батпырауықтарды ұшырып , шеберлік сабақтарына да қатысты.

Наталья Расторопнова, International Balloon фестивалінің креативті продюсері:

Біздің ұйымдасыруымызға 1 жыл уақыт кетті. Келген әр елдің пилоты тәжірибелі деп айта аламын, біз оларды шақырғанда осы нәрсеге қатты мән бердік. Осы саладан барлығының 20 жылдан астам жиған тергені бар. Неге оған көңіл бөлді десеңіз, қонақтарымыздың қауіпсіздігі біз үшін бірінші орында.

 

Автор: А.Сауытбек