Бағдарламалар

TABOO
Жоба форматы –сұхбат. Жүргізуші келген қонақтың бейнесін сұрақ қою арқылы, шебер аша отырып,оны ашық әңгімеге тартады. Біз осы заманның өзекті, taboo тақырыптарын талқылаймыз. Көрермендер ең маңызды сұрақтарға жауап таба алады. Қонақтар – танымал адамдар,блогерлер, өнер адамдары және шоу-бизнестен болмаса да, жаңалықтары немесе іс-әрекеттері арқылы жетістікке жеткендер.
Қызық LIVE
«Қызық Live» шоуының жүргізушілері – еліміздің басты комиктері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек, қоғамда резонанс тудыратын оқиғалар мен тұлғаларды ерекше сезімталдықпен анықтайды. Танымал қонақтар – өнер адамдары, желі жұлдыздары, атақты спортшылар, ньюсмейкерлер. Жүргізушілердің астарлы әзіл сұрақтары, харизмасы және күтпеген импровизациялары аясында барлығы көрермендерге жаңа қырынан танылады.
Сезім Бағы
Бұл жоба жүректердің соғысын біріктіріп, жалғыз жандардың тағдырын тоғыстыратын айрықша алаң. Қатысушыларды іріктеу үдерісі жауапкершілігі жоғары, көп сатылы кезең. Әуелі үміткерлер сауалнама толтырып, алғашқы сұхбаттан өтеді. Одан соң шығармашылық топ мүшелері  жүргізуші, режиссер және редакцияның толық құрамы болашақ қатысушымен жүзбе-жүз әңгімелесіп, оның ниетін, мінезін, өмірлік мақсатын таразылайды.
Ұ-Night show Жұма 18.00
Стенд-ап, көрініс, миниатюра, музыкалық юмор және пародия! Мұның бәрі юморлық шоудың жаңа маусымында! Басты кейіпкерлердің әрқайсысының ерекше сөйлеу стилі, менталитеті мен кез келген оқиға мен өмірге қатысты жеке көзқарасы бар. Себебі әзілкештердің бәрі әр түрлі аймақтан жиналған. Бұл өзгешіліктер өзара түсініспеушілікке, лингвистикалық оқиғалар мен ыңғайсыз жағдайларға, көптеген әзілдердің туындауына негіз.
REVUE WEEKLY
Мінсіз жексенбілік кеш әдетте қандай болуы керек? Әрине көңілді әрі қызықты! «REVUE WEEKLY» әр апта жұлдызды қонақпен шоу-бизнес жаңалықтарына қорытынды жасап, трендтегі тақырыптардан хабардар етеді. Ән де, сән де, киноны да талқылауды ұмытпаймыз! Сіз де бізге қосылыңыз! Жұмыс аптасының алдында Нұрсұлтан мен Анар сіздерге позитив сыйлайды!
OZMZ ғой Жұма 17.35
Дәулет Исраил, Абзал Қамбаровкез келген қонақты сөйлетіп, күлкіге қарық қылады! Жұлдыз ньюсмейкерлер, ойындар мен сан алуан эмоциялар! Қысқасы, бәрі НТК-ның стилінде!
OZGE
Жаңа форматтағы музыкалық арнайы жоба. Осы жобамен біз интернет көрермендеріне Қазақстанның музыкалық индустриясының алтын хиттерін еске салғымыз келеді. Бүгінде көптеген жас орындаушылар аға буынның музыкасынан шабыт алады. Олардың бейнелерін қарап, әндерін тыңдағанда біз ерекше күйге енеміз. Жаңа жоба аясында жас орындаушылар культтік қазақстандық әндерді жаңа аранжировкада орындайды.
Пәтерник
Жаңа жылдық жылы кешті сүйікті әртістеріңізбен бірге «Пәтерник» бағдарламасында біздің НТК арнамыздан тамашалаңыз!
REVUE ONLINE
Ревю енді онлайн! Арнайы жоба карантиндегі көрермен мен шоу-бизнес өкілдерін тікелей эфир арқылы байланыстырмақ! Бағдарламаның әр санында жүргізуші Нұрсұлтан Есжан отандық жұлдыздармен байланысқа шығып, төрт қабырғаға қамалған танымалдардың шынайы өмірін көрсетеді. Жоба барысында танымалдар сұрақтарға шынайы жауап беріп, түрлі ойын ойнап, көрерменнің көңілін көтреуге тырысады.v
НТК 20 жыл!
НТК 20 жыл! Бұл сан нені меңзейді?!Бұл дегенің, 20 жыл отандық телевизия әлемінің көзқарасын өзгерткен жарқын әрі тың жобалар! 20 жыл бойы өз ісінің нағыз шеберлерімен жұмыс жасағанымызға біз мақтанамыз! Ал, ең бастысы-20 жыл біз сіздермен доспыз, құрметті біздің сүйікті көрермендер! Біздің арнамен бірге болғандарыңызға, мың алғыс! 20 жыл, бұл тек қана бастамасы! Алда әлі талай қызықтар күтілуде! Рақмет!