Телехикаялар

ПАТРУЛЬ
Полиция қызметкерлері деген кім? Біреулердің айтуынша, олар жалқаулар, ал біреулердің айтуынша өздері заң бұзатынын қылмыскерлер. Бірақ іс жүзінде олар маңызды іспен айналысады — қылмыскерлерден бейбіт азаматтарды қорғау! Серік пен Берік ауданды күзетеді және бұл жұмыс оларға рахат әкеледі!
Соққы
Заринада өмірінде бәрі оңай: мектепке бару, балалармен сабақтан қашу, қыздардан ақша тартып лау, бірдеңе сатып алу. Ол мінезі мен рухы мықты қыз. Мектепте Заринадан барлығы қорқады, ал үлкендер құрметтейді. Оның әкесі түрмеде отыр, ал анасы алкогольді ішімдікке қызығады. Анасы екеуі ескі пәтерде тұрады, қызды ешкім бақылауға алмайды. Күндердің бірінде, Заринаның анасы екінші рет тұрмысқа шығады. Жаңа өгей әкесі қызын аса жақтырмайды, соның салдарынан отбасында жанжал жиілей түседі. Зарина "кек алу" керек деп шешеді. Оның идеясын достары қолдап, өгей әкесі жасөспірімдердің шабуылының құрбаны болады. Бұл сәтті өз пайдасына асырған өгей әкесі қызынан құтылу үшін милицияға өтініш жазады. Аға полиция қызметкері бұл әрекетті бұзақылық деп жаза ретінде Заринаны достарымен бірге бокс спорт секциясына жібереді. Осы сәттен Заринаның өмірі өзгере бастайды...
Қыз қиялы
Арман қуалап үлкен қалаға келген қыздың жұлдыздар әлеміндегі сынаққа толы өмірі жайлы отандық телехикая.  Басты кейіпкер ауылдан мегаполиске өзінің арманы – актриса болу үшін келеді. Алайда, сұлу қыз оқуға түсе алмай, бірақ тағдырдың еркі бойынша атақты жұлдыздың үй шаруасына көмектесуге жұмысқа тұрады. Ерекше мейірімді қыз тек анасымен ғана емес, ұлымен де ортақ тіл табысып кетеді. Оны білген анасы жастардың бірге болуына барынша ықпал етеді. Бірақ іс жүзінде бұның артында не тұр және қыздың тағдыры қалай өзгерер екен?
Жұмбақ қыз
Гүлнар Жәнібекованың жолы болды: ол ақылды әрі сұлу. Университетті бітіргеннен кейін микробиолог мансабын армандайды. Бірақ жұмыс берушілер оған тым әдемі деп мән бермейді. Студенттік мансабы модельдік бизнес те тыныштық бермейді: мұқабаларға түсу, тиімді келісімшарттар, жанкүйерлердің назары. Бірақ Гүлнар өзін бақытты сезінбейді. Құрбысы Ақмарал Гүлнардың қайғысын түсінбейді. Сөйтіп олар ойын ойлап табады: Гүлнар әдемілігін жасыруға бел буады, әжесінің киімін киіп, өзінің жарқын келбетін күлкілі парик пен макияждың артына жасырады.Осы сәттен қыздың қосарлы өмірі басталмақ: қызметкерлер үшін ол сүйкімсіз, ақымақ қыз, достары мен отбасы үшін бұрынғы сұлу Гүлнар.
Бақытсыздар бағы
Махаббат пен оның жолындағы түрлі тартыс жайлы жаңа отандық телехикая. Қос ғашық Рүстем мен Ботакөз ата-анасының жіберген қателіктері үшін өмірдің кедір-бұдыр жолымен жүріп өтуге мәжбүр. Тіпті ауылдан келе сала, қисынсыз жайтқа тап болған Ботакөз сүйгенінің қаны бір ағасы екенін де білмейді. Қас-қағым сәтте дөңгеленген дүние, толғауы тоқсан тіршілік, өзекті өмір, тағдырға деген ұшқыр қиялы бар жандар жайлы тың телехикая
Қағаз кеме
Еліміздегі музыкалық бағытта таспаланған ең алғашқы телехикая. Оқиға желісі жоғарғы өнер мектебінде өтеді. Жоғарғы сынып оқушылары арасындағы достық қарым-қатынас пен махаббат жайлы баяндалатын алғашқы музыкалық хикая.
Ауылдастар
Қаланың еркіндігінде еш қамсыз өмір сүріп жүрген жігіт, әскерден құтылу үшін, ауылға жол тартады. Нағыз еңбекке тап болған Айбек - өмірдің екінші қырымен танысуға мәжбүр! "Вузеры", "Патруль" сынды көрерменнің көңілінен шығып үлгерген топтамалардың авторларынан тағы бір сыйлық - жаңа комедиялық хикая! Қалалық жігіттің ауылдағы қызықтарын бірге тамашалайық!
ВУЗЕРЫ
"ВУЗеры" - қазақстандық теледидар тарихындағы ең танымал комедиялық телехикая. Мегаполиске еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттердің оқиғалары. Жақсы мінезді Баха, айла жасаушы Толик, жергілікті бұзақылар - Габа мен Хама, әдемі Жандос - өмірдегідей барлық кейіпкерлердің жиынтығы.
Teleport
Елордамыздың жоғарғы оқу орындарының бірінде білім алып жүрген, тарих факультетінің студенттері Ұлттық мұражайда тәжірибе өтеді. Көне жәдігерлерді зерттеп, еліміздің тарихымен танысып, Қазақстанның ежелгі мәдени ескерткіштері арқылы таңғажайып әңгімелерді ашады. Сюжеттің өрбуі бойынша, кейбір жәдігерлер өткен ғасырдан көрініс тауып, сонау замандағы ата-бабаларымыздың қызықты әлеміне сапар шектіреді.
Қазақпыз ғой
Юморға толы астары бар, әзілі мен шындығы қатар жүретін жаңа бағдарлама! Алты түрлі скетчкомнан тұратын 20 минуттық күлкінің кепілі десек те болады. Актерлермен бірге хандық дәуірге саяхат жасап, өзіңізді Үнді телехикаясының қақ-ортасында сезініп, екі бірдей аңғалақ тергеушілер мен келбеті келіспеген даяшы қыздың оқиғаларын, оңай ақша тапқысы келіп жүрген жолы болмағыш Секаны, «Тез-шоу» бөліміндегі елден-ерекше қонақтардың қызығын тек осы бағдарламада тамашалай аласыз!
Күрес
Бұл – грек-рим күресі жайында таспаланған алғашқы отандық туынды. Жоба барысында спорт, махаббат және қарапайым отбасы жағдайы бейнеленеді. Нағыз спортшыға тән қасиетті иемденген Омардың арманы – шынайы махаббатын кездестіру, әрі чемпион атану. Және бұл оның қолынан келеді!
Бюро
Бас кейіпкер аға лейтенант Максат ІІМ қызметінен Алматы қаласындағы Ұлттық Бюро департаментіне ауысады. Мақсат тәжірибесі мол қызметкерлер жұмыс істейтін қаржылық операциялар бөліміне жіберіледі. Мақсат алдына қойған тапсырмалардың барлығын мінсіз орындайды. Әрбір бөлімде кейіпкер бір қылмыстық іс ашып, болашақта ауысам деп жүрген, тергеу бөліміне тапсырады.
Метод ОрыStar
Қазақтар аққұба және көк көзді де болады, егерде олар - ОрыStar болса! Әлеуметтік кеңістікте атағы шыққан жоба, енді теледидарға жол тартты! Семен, Сергей және Женя есімді үш дос Instagram желісінде қазақ тілін үйренудегі жаңа тәжірибесімен танымал болды. Олар тілді заманауй коммуникациялық тәсілмен жаттайды. Тәжірибенің аздығын сезген сәтте, жігіттер нағыз қазақи ауылға жол тартады! Қонақжай мекенде қонақтап, жеткен жетістіктерін өз көзіңізбен көргіңіз келсе, жұмыс күндері 19:40-та НТК арнасынан "Метод ОрыStar" комедиялық хикаясын қосып, тіл үйрене отырыңыз!
Айжан
Бұл өмірін біржолата өзгертуге шешім қабылдаған батыл және аңғал қыз туралы хикая! Туған ауылынан үлкен мегаполиске көшіп, Айжан жолында бай отбасынан шыққан жігітті кездестіреді. Жүкті болып қалған Айжанды, жігіті үйлену тойына аз уақыт қалған кезде тастап кетеді. Жалғыз қалған Айжанның алдында қиын таңдау тұр - үлкен қалада баласын қолында ұстап тұру, немесе ауылға ұятпен оралу.
Преподы
Басты назарда – Марат. Ол Қазақстанда туып өскен ең қарапайым жас жігіт. Біздің әрқайсымыз сияқты, армандайды, болашаққа жоспар жасайды. Өмірде ең бастысы Марат: жақсы ақы төленетін жұмысқа орналасқысы келеді, армнаындағы қызды кездестіріп, үйленіп, мықты отбасы болғысы келеді. Марат қалыптасқан адамның өмірін осылай көреді. Марат жоғарғы оқу орнына жұмысқа тұрып, көптеген жаңа адамдарды кездестіреді. Әріптестер біртіндеп жаңа достарға айналады. Өмір басынан аяғына дейін өзгеріп, барлығы таза парақтан басталады…
Зауал
Сюжеті көптеген қазақстандық отбасылардың шындығына ұқсас отбасылық мелодрама. Бір қарағанда Айдаровтар отбасы өте табысты және тату көрінеді. Бірақ бұлбір көргенде ғана. Үлкен ұлы үйге жас қалыңдықты әкелгенде, кенеттен бәрі аяғынан басына қарай өзгереді. Жас келіннің дау-шарлары, айқайлары ата-анасын ұлының таңдауы туралы ойлануға мәжбүрлейді.