Мөлдір Әуелбеков ажырасқанын алғаш рет ашып айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өнер адамдарына жанұялы болу мен отбасын сақтап тұрудың өте қиын екенін, олардың өздері де мойындайды. Мысалы, осы күнге дейін жеке өміріндегі жайсыз жайтты жасырын ұстап келген Мөлдір Әуелбекова, ұлының әкесімен дәм-тұзы жараспағынан растады.

Өкінішке орай, бұл жарасымды жұп бүгінде бірге емес. 2015-те отау құрған екі жастың, бір жарым жылдан соң жанұясы ыдыраған.

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

-Қазіргі таңда маған ең көп қойылатын сұрақ, жеке өмірге байланысты. Сіздер ажырастыңыз ба? Ажырасқаныңыз рас па? Бала қайда?

Иә, Әуелбекова жұбайы Арыстанмен ажырасыпты. Баласы бес айға толған шақта отағасы отбасын тастап кеткен көрінеді. Сол уақыттан бері ұлы Салтайды әкесі де, әжесі де іздеп келмеген.

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

-Ешкіммен кездеспейді. Ешкім де баланы іздемейді. Солай енді басымыздан өтіп жатыр. Енді мен оны не істеймін? Тағдыр болғаннан кейін көнемін. Балам үшін әрі қарай өмір сүремін.

Бір жарым жыл бойы бұл жаңалықты жария қылмауының себебі де сол. Баласының болашағына алаңдаған ана, жанұясындағы жағдайды жұрттан жасырын ұстап келгенін айтады.

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

-Бәрібір балаға кесірі тимесе екен деп көбінесе ұлымды уайымдаймын. Оны айтқаннан кейін ғаламтор бар ғой қазір. Ертең бала өскеннен кейін, оны көреді. Неге олай болды деп көңіліне кірбің түседі. Мен қазір отырып алып, ол бүйтті-сүйтті, ол тастап кетті, ол былай болды деп айтып отырғаннан, ешкімнің ештеңесі кетпейді. Ертең тоқ етерінде балам қиналады.

Мөлдір жеке өміріндегі келеңсіздіктен кейін, күйзелісті де бастан кешкен. Бірақ тыңдарманның қолдауы мен өнерге деген құштарлық жас келіншектің жігерін жанши алмапты.

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

-Көрерменіме айтарым уайымдамаңыздар. Қандай жағдай болмасын мен бақыттымын. Менің ұлым бар, ата-анам қасымда, бауырларым бар.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет