«Кешьюдің» экс-әншісі Элизат тұрмысқа шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Осы жылдың жазында «Кешью» тобындағы жұмысын тоқтатқан Элизат Берікова тұрмысқа шықты. Әнші қыздың Баян басқаратын орталықпен қоштасуына болашақ жарының қатаң талабы түрткі болған көрінеді.

Элизат Берікова, «KeshYOU» тобының экс-әншісі:

-Тұрмысқа шығу жеті жыл бұрынғы әңгіме, негізі. Бүгін міне сәті түсіп шаңырақ көтеріп жатырмын. Жұмысқа байланысты, келісімшартқа байланысты мен қанша болашақ күйеуіме әрқашанда «келесі жылы, келесі жылы, күте тұр, күте тұр» деп жеті жыл өтіп кетіпті. Сосын болашақ күйеуім биыл күйеуге шықпасаң, онда басқа біреуге үйленіп кетем деді.

Иә, өнер жолын емес отбасылық өмірді таңдаған Элизат, болашақ жұбайының өтінішін жерге тастаған жоқ. Күні кеше ұясынан ұшқан арудың ұзату тойы өтті. Берікованың жүрек қалауы - Жәнібек есімді жігіт. Ол әлеуметтік салада қызмет етеді. Ал, «Лашын» және «Кешью» сынды танымал топтарда ән салған бикеш, бұдан былай сахнаға шықпайтын болыпты.

Элизат Берікова, «KeshYOU» тобының экс-әншісі:

-Күйеу жігіт қарсы. Сондықтан көнуге тура келді. Өйткені сүйемін. Жеті жыл болды. Ренжіткім келмейді. Сондықтан осындай шешім қабылдадым. Болашақ ана болу - әрине әркімнің арманы. Ендігі жоспар ана болу! Жоспарда сол бірінші!

Элизаттың тойына келген меймандар тізімінде «Кешьюдегі» әріптестері де бар. Бірақ аталмыш топтың продюсері Баян Алагөзова шақырылмаған ба?

Элизат Берікова, «KeshYOU» тобының экс-әншісі:

- Жоқ! Себебі? Себебі жоқ! Сондай болып қалды!

Айтпақшы, қалыңдықтың қуанышында қыз жолдастың қызметін атқарқан ару – Сара Амангелді. Элизат ендігі «тұрмысқа шығу» эстафетасын дәл осы құрбысына табыстады.

Элизат Берікова, «KeshYOU» тобының экс-әншісі:

-Бүгін сол жолды Сараға беремін. Ырымдап! Келесі жолы Сараның қуанышында кездесетіндей!

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет