«Кешью» тобында тағы да өзгеріс

Сообщить о проблеме с эфиром

Құрамын ауыстырудан алдына жан салмайтын «Кешью» ұжымында тағы да өзгеріс. Баян ханым осыдан біраз уақыт бұрын қазіргі қыздарға көңілі толмайтынын жеткізген еді. Өзге арулармен қайта жасақталған гелзбенд топ тарихына қандай жаңашылдық әкелмек?

«Әуелі адамгершілік, одан кейін өнерге құштарлық және музыкалық білімнің болуы маңызды. Сахна мәдениеті мен тәжірбие уақыт өте келеді» - дейді топтың музыкалық жетекшісі. Талай таланттың жұлдызын жағып, кейін шәкірттерімен ат-құйрығын үзісетін Баян мен Бағым, жаңа «Кешьюдің» қыздарын да дәл осындай қатаң талаптармен қабылдапты.

Бағым Мұхитденова, музыкалық продюсер:

-«Кешьюде» өнер көрсеткен қыздардың барлығы біздің орталыққа дайын әртіс болып келген жоқ. Тіпті өнер академиясының бірінші курсында оқып, топқа қабылданса да біз үшін олар кәсіби әншілердің санатынан емес. Бірақ басқалардан Дұғалованың орны ерек екенін айта кеткен жөн. Жанар бала кезден музыкамен айналысқан. Сондықтан, онымен жұмыс істеу қолайлы болды.

Жаңа құрамға 18 бен 20 жас аралығындағы арулар таңдалған. Бүгінде дайындыққа қызу кіріскен қыздар ұжымы, халыққа 2019-жылдың басында ресми түрде таныстырылмақ.

Бағым Мұхитденова, музыкалық продюсер:

-Менің бір білетінім бұл «Кешью» бұрынғыдан өзгерек болады. Оны көпшілік көрген кезде бірден байқайды. Тыңдармандар «Мықты құрам» деп дәл сол қыздарды атайтыны сөзсіз!

Балжан, Назым, Ақбота. Бұл бұрымдылар осы жылдың соңына дейін «Кешьюде» өнер көрсетеді екен.

Бағым Мұхитденова, музыкалық продюсер:

-Балжанның тәжірибесі жеткілікті. Жеке әншілікті қолға алуына толықтай дайын. Ал, қалған қыздардың жоспары жайлы, жаңа құрамды таныстырған күні хабарлаймыз. Әзірге олар «Кешью» тобындағы жұмысын белсенді түрде жалғастырып жатыр.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет