ALEM-нің экс-ғашығы ашылып сұхбат берді

Сообщить о проблеме с эфиром

Батырханды өмірімнен өшіре алмаймын! Дәл осылай сұхбат берген Найнти уандық ALEM -нің экс-ғашығы Риза да, бұдан-былай q-pop бағытында өнер көрсетпек. Ару алғаш рет өзінің баянсыз махаббаты мен бұрынғы сүйіктісіне деген сезімі туралы бүкпесіз баяндап берді.

RIZA, әнші:

-Менің ойымша, әлі талай уақыт мені барлығы «ALEM-мен» бірге байланыстырады. Өйткені, болғаны болды, ол рас. Мен оны өшіре алмаймын өзімнің өмірімнен. Біз бала кезден бір қаладанбыз, біріншіден. Содан кейін бірге оқуға түстік Ресейге. Сол. Бірге Алматыға келдік.

Осылай сәтсіз махаббатын еске алған Риза, «Найнти уандық» мембермен бақытты күндерді бірге кешкенін жасырмайды. Бұл сөздердің рас екенін мына фотолардағы Батырханның бал-бұл жайнаған жүздерінен байқауға болатындай.

Алайда, Alem өнерді қолға алмадың деп Ризаны тастап кеткен. Кейіннен ашуға булыққан ару, өзін дәлдету үшін үлкен сахнаны бағындыруға кіріседі.

Ал, күні кеше Риза Q-fest фестивалінде алғаш рет бұрынғы ғашығымен бір сахнаны бөлісті. Шарада ол «Найнти уанның» мемберіне арнаған «Әлемім емес» туындысын шырқады.

RIZA, әнші:

-Енді менің шыққан әнім, қалай айтсам болады, әннің ішінде мынандай сөздер бар. «Қажеті жоқ тыныштықтың, тыныштықтан тұншықтым шын.» Шынымды айтсам, мен көп дайындалдым дебютыма. Ол ән менің жан айқайым.

Өзекті өртеген өткенге деген өкінішке қарамастан, қос өнерпаз бүгінде бар ренішті ұмытуға тырысқандай.

RIZA, әнші:

-Біз жақсы араласамыз. Сәлеміміз түзу деп айтадығой иә. Бәрі жақсы біздің арамызда. Жек көрініш, жаман қарау деген жоқ.

Енді, жас орындаушы жеке өміріне емес, шығармашылығына барынша ден қоюға құлықты.

RIZA, әнші:

-Бірақ бейнебаян болады. Жақында дуэт болады. Тағы бір кью-поптағы әртіспен.

Бірақ, Alem-мен бе әлде өзге орындаушымен бе, нақты кіммен ортақ ән шырқайтынын Риза құпия сақтауды жөн көрді.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет