Димаш Құдайберген Forbes журналында

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі Forbes Kazakhstan басылымы алғаш рет 30 жасқа дейін жетістікке жеткен жандардың тізімін ұсынды. Түрлі салада еңбек етіп, «табысты» атанғандар көшін Димаш Құдайберген, Құралай Анарбекова бастаса, олардың арасында тіпті Скриптонит пен Jah khalib те бар көрінеді.

Forbes Kazakhstan Димаш Құдайбергенді аталмыш тізімге қосуды міндетті деп санаған. Небәрі 24-ке келген ол, өнерге деген шексіз махаббаты мен тынымсыз еңбегіның арқасында - қазақ елін күллі әлемге танытты. MTV Music Awards, Top Chinese Music Awards, Hollywood Music In Media Award – Димаш еншілеген жүлделердің бір бөлшегі ғана.

Атағы шартарапқа жайылмаса да, кішкентай блогер Амина Малғаждар да табыстылар арасында. Себебі, бүлдіршіннің бүгінгі жетістігі – кейбір ересек адамға арман екені жасырын емес. Күлкілі вайндар арқылы танылған ол, бүгінде әр салада бағын сынауда.

Арай Малғаждар, Әминаның анасы:

-Қазіргі кезде Әмина жалғыз өзі де, Әдиямен бірге де подиумдарға шығып тұрады. Бірақ, «Антенаның» атынан шыққан, және оның бренд-амбадассоры болғанды мақтан тұтамыз.

Алайда, Амина аталмыш тізімдегі жалғыз вайнер емес. Оның әріптестері -«Yuframe»-дық жастар да желі арқылы көптің ықыласын баурап алды.

Кино саласына өзіндік үлес қосып жүрген тұлға ретінде Құралай Анарбекова да, жетістікке жетіп үлгергендер жастардың қатарында.

Құралай Анарбекова, актриса, продюсер:

-Қазақ кинотарихында «Жаужүрек мың бала», «Бизнес по-казахский» және мен продюсерлық еткен «Брат или Брак» атты картиналар ең табысты саналады. Үшеуінде де негізгі рөлді сомдадым.

Forbes басылымы ерек тізімді әзірлеуде хип-хоп орындушыларын да ұмытпапты. Атышулы рэпер Скриптонит пен Jah khalib та табысымен таңқалдырғандар

Қос өнерпаз Қазақстанда ғана емес, ТМД елдері арасында да кеңінен танымал.

Әйгілі басылым ұсынып отырған рейтинг тек танымал тұлғалармен шектелмейді. Отыз жасқа толғанша еңбегімен көзге түскендер отыздығында сондай-ақ спорт, білім мен ғылым саласының жарқын өкілдері енген.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет