Марк Джейкобс 25 жылдық топтамасын ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сәнгер Марк Джейкобс ширек ғасырдан соң, өзінің әйгілі – «гранж стиліндегі» топтамасын қайта жаңғыртты! Кезінде дизайнер дәл осы Perry Ellis брендіне арнайы әзірленген үлгілер арқылы, әлемдік танымалдылыққа ие болған еді. Енді міне, 25 жыл өткен соң, шебер өткенін қайта еске алғысы келгендей.

Бұл жолы, аңызға айналған топтаманы ұсыну - Джиджи Хадидке бұйырған. Одан өзге, Бинкс Уолтон, Слик Вудс, Дри Хэмингуэй сынды сәнқойларды да байқауға болады. Арулардың үстіндегі коллекцияны бағамдаған мамандар, Майк Джейкобстың түпнұсқа топтаманы қаз қалпында қалдыруға тырысқанын аңғардық деседі.