People's Choice Awards марапаты табысталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Санта-Моникада көптен күткен, ең мәртебелі - People's Choice Awards марапаты кіл мықты өнер өкілдеріне табысталды! Жалаңаштанған Ники Минаж, ең стильді Виктория Бекхэм мен атышулы Ким Кардашьян! Қысқасы, ерекше кешті ел көпке дейін сөз қылмақ!

Ники Минаж – сөзсіз жұлдыз! Халықтың дауыс беруі арқылы рэп орындаушы People's Choice Awards-тың қос бірдей «үздік альбом», «үздік әнші» жүлдесін еншіледі. Сахнада сөз сөйлеу мүмкіндігіне ие болған ол, әдеттегі эпатажды тіркестерінен де бас тартқан жоқ.

Ники Минаж, әнші:

-Бүгінгі менің әсем образым үшін, Донателла Версачеге көп рахмет! Және де оны бүгін үстімнен шешетін Майкл Би Джорданға да рахмет!

Дэвид Бекхемнің асыл жары – Виктория да бұл кеште елеусіз қалмады. Көпшілік паймымымен, бикеш «фэшн бейне» атағына лайық деп танылған.

Виктория Бекхэм, сәнгер, бизнесвумен:

-Рахмет барлықтарыңызға! Аталмыш жүлдені алу – мен үшін үлкен мәртебе!

Атышулы Ким Кардашьян, айтулы шараға отбасын түгелдей ерте келді. Әйгілі әулеттің реалити-шоуы да – мықтылар қатарында.

Ал, корейлік BTS ұжымы «ең үздік топ» атанса, олардың «IDOL» трегі «ең үздік ән» жүлдесін жеңіп алды.

Сондай-ақ, People's Choice Awards өзгелерден оза шапқан кинокартиналарды анықтаған еді. Мәселен, «Кек алушылар: Шексіз соғыс» «үздік фильм» атанса, «Мені тақырға отырғызған тыңшы» картинасы «үздік комедия», «Суперотбасы-2» анимациясы «үздік отбасылық лента» аталымдарын жеңіп алды

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет