Жұлдыз Өмірғалидің күйеуіне тіс қайрағандар кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бақытсыздар бағы» телехикаясына түсіп, актрисалықты қолға алған Жұлдыз Өмірғалидың жақындары, оның жұбайына ашулы. Ақ келін атанған арудың ата-анасына, күйеу бала ұнамай жүрген көрінеді. Неліктен? Жауабын тілшіміз айтып берсін.

Жұлдыздың туыстарының көңіліне кірбің түсірген жан - оның фильмдегі жұбайы. «Бақытсыздар бағы» телехикаясының шынайы шыққаны сонша, Өмірғалидың ет жақындары лентадағы оқиғаларды кейде ақиқатпен шатастыратын көрінеді.

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

-Әрине туысқандарым көріп жатыр. Олар мен үшін уайымдап жүр. Не үшін көп жылайды екен деп. Ағаларым, «ана сенің күйеуіңмен кездесу керек, сөйлесу керек» деп қалжыңдайды. Әрине, олар біледі ғой кинодағы рөлім екенін.

Картинадағы Жұлдыздың ауыр мінезді жұбайы, көрермен қауымға да жақпады. Әлеуметтік желіде «Салатанат неліктен күйеуінен кетіп қалмайды» деген жиі қойылатын сауалға әншінің өзі жауап берді.

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

-Кейіпкерім өз күйеуін өте қатты жақсы көреді. Және де оның ата-анасы қарсы. Кеткеннің өзінде ата-анасы қайтарады қызын күйеуінің жанына. Себебі, бұл жат қылық.

Алғаш актриса ретінде бағын сынаған Жұлдызға, түсірілім алаңындағы процесс оңайға соғып жатқан жоқ. Кейіпкерінің мінезіне сай, кейде бір сәттік сахнада бірнеше мәрте жылауы қажет екен.

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

-Кейбір сценалар менің өмірімде болмаған ғой. Кейбіреулері болған. Болғаны жеңілірек болады да, мен оны өзімнің өміріммен байланыстырып, сол сценада жылауға тура келеді. Ал, кейбір егер ондай болмаса, мен онда бұрында басымнан өткен оқиғаларды еске алып, жылаймын.

Өмірімнің өткен қиындықтары, көзіме жас алуға көмектеседі деген Өмірғалиға, ең бастысы еңбегі еленіп, телехикая көптің көңілінен шықса жеткілікті. Ал, көзі қарақты көрермен Жұлдыздың актерлық шеберлігін, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында НТК арнасында көрсетілетін «Бақытсыздар бағы» туындысынан байқай алады

Пікір қалдыру үшін сізге кіру қажет