«Богемалық рапсодия» апта үздігі.

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық прокатқа жол тартқан фильмдер пайдаға кенелуде. Өткен уик-эндте үздіктер көшін – «Богемалық рапсодия» лентасы бастады. Әйгілі «Queen» тобы жайлы картина, аңызға айналған музыканттардың мұрасын қайта жаңғыртқандай.

Ticketon.kz сайтының сараптамасы бойынша, өткен аптада 106 млн теңгеден аса қаржы тапқан «Богемалық рапсодия» бірінші орынға жайғасты. Картина «Queen» тобы мен оның көшбасшысы Фредди Меркьюридің шығармашылық жолын баяндайды. Фильмде әйгілі ұжымның ішкі кикілжіңдері мен сахнадан тыс өмірі де суреттелген. Британдық рок-музыканттардың хикаясы көрерменнің қалауынан шығып жатқандай.

Ақан Сатаевтың «Бизнесмены» лентасы 44 млн теңгеге жуық пайдамен екінші сатыда. 90-жылдардың ахуалын сипаттайтын фильм, дағдарысқа қарамай табысқа кенелудің жолын іздеген үш дос жайында. Тоқырау заманында елдегі алғашқы кәсіпкерлерге айналатын жігіттерді, сатқындық пен түрлі қиындықтар да күтпек. Туындыда Шәріп Серік, Асқар Ілиясов, Рәсім Жұбаев сынды жас актерлар ойнайды.

Үздік үштікті 26 млн теңгемен түйіндеген «Торда қалып қойған қыз» картинасы. Бес мемлекет бірігіп таспалаған фильм детектив пен триллер жанрында. Сюжет бойынша хакер қыз бен журналист криминалды әлемге тап болады. Қос кейіпкер қылмысты істерді әшкерелеу жолында, тыңшылар және киберқарақшы топтармен күреспек.

Пікір қалдыру үшін сізге кіру қажет