Сильвестр Сталонне боксқа оралды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Майталман киногер Сильвестр Сталонне бокс алаңына қайта оралды! Нью-Йоркте халық тағатсыздана тосқан «Крид-2» картинасының премьерасы өтті. «Рокки» хикаясының жалғасы саналатын спорттық драмаға Сильвестер әрі актер, продюсер және сценарий авторы ретінде қатысқан еді.

Су жаңа туынды – 2015-жылы таспаланған «Крид: Роккидің мұрасы» лентасының заңды жалғасы. Бұл боксшы Роккидің оқиғасын баяндайтын сегізінші картина. Сюжет бойынша, рингтегі айқасу кезегі бұрынғы қас жаулар – Адонис Крид пен Иван Драгоның ұлдарына бұйырады. Бір-біріне өш қос былғары қолғап шебері, жеңіс үшін емес әкеден қалған кекті қайтару жолында жекпе-жекке шықпақ.

Кезінде аталмыш спорттық драмадағы үздік актерлық ойынымен «Алтын глобусты» иемденген Сталонне мырзаға, бұл жолы да көп үміт артылғандай. Сильвестер, лентаның бетпейнесіне айналып қана қоймай, автор ретінде оның сценариіне де үлес қосқан.

Флориан Мунтяну, актер:

-Білесіздер ме, бұл жолы мен Сильвестрдың қалауы бойынша, қолымнан келгенше ойнап шықтым. Жағымсыз адамның образын барынша ашуға тырыстық. Тіпті, кейіпкердің мінезін жіті зерттедік.

Дәл осылай, киногерлер Иван Драгоның үлкен экранға қайта оралуын – Рокки тарихындағы елеулі оқиғаға балап отыр. Бұл жолы режиссерлық тізгінді кіші Стивен Кэйпл өз қолына алған еді.

Стивен Кйэпл, режиссер:

-Жұмыс барысында жүйкем аздап жұқарғанын жасырмаймын. Себебі біз халық сүйіп, жаттап қалған кейіпкерлерді үлкен экранға қайта алып келдік. Меніңше, бұл – үлкен жауапкершілік.

«Крид -2» бүгінде көрермен тағатсыздана тосқан картиналардың біріне айналып отыр. Тарихы ертеден бастау алатын спорттық драма, 2019 жылы қаңтар айында үлкен экрандарға жол тартпақ

Пікір қалдыру үшін сізге кіру қажет