Х. Вайнштейн 60 миллионға айыпты ма?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтық киногер Харви Вайнштейн әлі де даудан арыла алмай жүр. Танымал продюсерды «ар-намысымды таптады» деп айыптаған тағы бір ару пайда болды. Енді Харви, 60 млн доллар төлемесе сотталатын көрінеді.

Харви Вайнштейнді айыптаған арулар тізімін, америкалық актриса әрі сәнбике – Пас де ла Уэрта толықтырды. 34 жастағы бикештің айтуынша киногер 8 жыл бұрын оның ар-намысын аяққа таптаған. Пас де ла Уэрта өткен жылы Харвидің атына полицияға шағым түсірсе де, продюсер кінәсіз деп танылған еді. Бүгінде істі қайта қозғатқан актриса, көрген жәбірі үшін қомақты өтемақы алуды көздейді.

Голливудттың үлгілі жұбы: Майли Сайрус пен Лиам Хемсворт, Калифорнияда өрттен зардап шеккен отбасыларға көмектесуде. Танымал жұлдыздар өз қалтасынан 500 мың АҚШ долларын қайырымдылыққа жұмсаған. Тілсіз жау Майли мен Лиамды да үйсіз қалдырған еді. Енді Малибу қалашығын қайта қалпына келтіруге Леди Гага мен Кардашьяндар әулеті де жәрдемдеспек.

Ченнинг Татум әнші Джесси Джеймен қарым-қатынасын ресми түрде растады. Актердың өнерлі арумен көңіл қосқанына бірнеше ай болған. Сері өз сүйіктісінің ешбір ән кешін қалт жібермейді екен. Джессидің Лондонда өткен концертінен шабыттанған Татум, алған әсерімен инстаграм парақшасында бөлісуді жөн санаған.

Пікір қалдыру үшін сізге кіру қажет