Сиви Махмуди 31 жаста!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнестегі әмбебеп әртістердің алдыңғы шебіндегі - Сиви Махмудидің туған күні! Қит етсе қазнеттің қызу талқысына түсетін атышулы сылқым, осы уақыт аралығында не тындырды? Тілшіміз шолу жасап көрді!

Сиви, 20-ға толар шағында отандық шоу-бизнестің өкілі атанды. Осы уақыт аралығында өзін сан қырынан танытқан бикеш, бүгінде белгілі жұлдыздардың санатында. Сондай-ақ, отбасылық өмірде де – бақытты ана, аялуы жар. Алғашқыда екі атұстарды дүниеге әкелді. Ал, 2015-жылдың мамырында кішкентай ханшайымы өмір есігін ашқанда, әншіге жұбайы «Бэнтли» автокөлігін сыйға тартқан еді.

Сиви Махмуди, әнші, продюсер:

-Ерекше бір сезімде, алғаш рет ана болып жатқандай сезініп жатырмын өзімді. Қыз бала деген басқаша сезім болады екен, қыз балада...Қасынан шыға алмай қалатын сияқтымын.

Бірнеше өнерді бойына тоғыстырған Сивидің актрисалық мансабы да ел есінде. Кейде өз фильмдерін жарнамалау үшін – азды-кем қара-пиарды қару ретінде қолданатын қасиеті бар. Мәселен, дәл осы «Соқыр махабат» картинасын жарнамалау мақсатында қымбат теміртұлпарды талқандап, қазнетті дүр сілкіндірді. Сәл уақыттан соң идея авторының жұбайы Аңсар екенін мойындады.

Сиви Махмуди, әнші, продюсер:

-Өзі сол пиарды да ұнатады. Маған неше түрлі идеялар айтады. Қазір неше түрлі идеялар айтып жүр. Қой, қой деп отырмын пиары құрысын деп. Пиарсыз да қазір нормально, живой пиарлар көп кетіп жатыр ғой негізі...

Сивидің шоу-бизнесте атқарған жұмысының тізімі – бар тарау. Ол қол астында талантты жастарды жиып, продюсерлық орталық та ашып көрген. Алайда, шәкірттерінен көңілі қалған Махмуди, былтыр барлық жобасын таратып тынды.

Сиви Махмуди, әнші, продюсер:

-Олармен бір үстелде тамақтанбау керек екен. Үйге жолатпау керек екен. Алыстан сыйласу керек. Олардың көзіне тіке қарап күліп сөйлемеу керек екен. Әркім өзінің орынын білу керек екен. Дистанциямен, Баян ханым сияқты...

Белсенді бикешті ғаламторда айыптайтындар да көп. Ауқатты отбасынан шыққан Сивиге жазылатын жағымсыз пікірлердің легі мынадай...

Сиви Махмуди, әнші, продюсер:

-«Сенде бәрі бар, бірақ түрің келіспей қалған» деп жазады да мысалы. «Не болмаса қатты арықсың. Болмаса мұрының дәу» деген сияқты. «Я болмаса ақшаң көп, өнерің жоқ» деген сияқты.

Бүгін Сиви 31 жасқа толды! Жыл сайын меншікті мерекесіне елден ерекше әзірленетін Сиви, былтыр 30 жас мерейтойын шығыс стилінде атап өткен еді.

Пікір қалдыру үшін сізге кіру қажет