«Найнти уан» жайлы деректі фильм шықты

Сообщить о проблеме с эфиром

«Найнти уандық» мемберлер деректі картинаның таспалануына себепкер атанды! Жас режиссер Катерина Суворова халықтың бастапқы кездегі кью-поп ұжымына деген қарсылығы жайлы лента ұсынды. Айтулы премьераға топ өкілдері де қатысты.

«Найнти уан» жайлы деректі картинаны тамашалауға асыққандардың қарасы мол. Иглзбен қатар тұсаукесерде Ерболат Беделхан да төбе көрсеткен еді. Алайда, бұл кештің басты меймандары - туындының дүниеге келуіне себепкер болған мемберлер.

Еске салсақ, бұл өнер өкілдері туралы түсірілген – еліміздегі алғашқы деректі картина болмақ. Катерина Суворованың режиссерлығымен таспаланған лентада - «Найнти уанға» деген халықтың қарсылығы кеңінен суреттелген.

Катерина Суворова, режиссер:

-Олар әуел баста шоу жасап, елді таңқалтуды мақсат тұтпады. Бар болғаны мәдениетімізге жаңа тыныс әкелгісі келді. Бірақ, олардың бұл қадамы қарсылықтарға толы болды. Меніңше бұл кино түсіруге, зерттеуге өте қызықты оқиға.

Алайда, режиссер аталмыш фильм тек кью-поп ұжымын насихаттайды деген пікірге қарсы. Киногер, атышулы топ пен оның бастан өткергенін суреттеу арқылы Қазақстандық қоғамның, халықтың көзқарасын көрсеткісі келіпті. Деректі картинада саясаттанушы, мәдениеттанушы және журналист мамандар «Найнти уан» мен оның резонансқа толы жолын – кеңінен талқыға алады.

Нұртас Адамбай, режиссер:

-Маған фильмнің ұнағаны, режиссер «Найнти уанның» немесе оған қарсылас адамдардың сөзін сөйлемеді. Бейтараптықты сақтай отырып, көрермен қауымға өз ойын жеткізе білді деп санаймын.

Бота Бақытжан, дизайнер:

-Басқа адамдар білмейтін, олардың өмірінің, творчествоның артында не болып жатқанын нақты көрсетті. Мысалы, адамдардың қарсылықтарын, олардың ойларын, неге оларға қарсы шықты солардың барлығын нақты көрсетті.

Су жаңа лентаның тұсауын елде кесуді мақсат тұтқан Катерина Суворова – картинаны халқаралық байқауларға жіберіп көрмек. Тек содан кейін ғана, «Мен сен емес» деректі фильмі үлкен экрандарда көрсетілуі мүмкін.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет