Нұржан Керменбаев неге сонша сабырлы?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сән әлемінің серкелерінен, ән әлемінің серілеріне қарай ойыссақ! Керменбаев журналистермен жүздесе қалса ашық-жарқын әңгіме айтуға құмар-ақ. Бірақ Нұржанның сұхбатттары көп жағдайда сәтсіз өтеді. Басты себеп - қара баланың ақ көңілділігінде болса керек.

Нұржан сахнада да, сұхбатта да өзін еркін ұстайды. Бірақ камера алдында әңгіме қызған кезде, тосын жайттарға тап болатыны бар.

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Көп өнер адамдарының тұсаукесетінін білемін... Ассалаумағалейкум! Ақылбек Жеменей десең...

Үздіксіз сәлемдесуді әріптестерінің қара балаға деген құрметі деп түсіндік. Сұхбат ортасынан үзілсе де, Керменбаевтың байсалдылығына таң қалмасқа шара жоқ!

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Емін-еркін, кейде бір ерсі... Ассалаумағалейкум, ассалаумағалейкум... Паркке барып...

Бұл Рүстем Нұржігіттің кезекті клипінің кадрлары. Басты рөлге Динара Сәтжанды бекіткен әнші, танымал тележүргізушіні таңдаудағы мақсатын түсіндіргісі келген.

Рүстем Нұржігіт, әнші:

-Қалай айтсам... Замандасым... Менің де жасым 18-де емес деген сияқты да. Бір жағынан... Жоқ, оны олай нетпей қояйық. Жай доспыз!

Ал, сұхбатқа салғырттық танытатын шоу-бизнестегілердің басым бөлігі – кью-поп топтары. Өйткені, жас өрендер БАҚ өкілдерімен кездесуге дайындықсыз келетінін талай мәрте байқатып жүр.

«Newton» тобы:

-Аа, жо-жоқ! Қате айтып жібердім... Жапшы аузыңды. Сен маған кедергі келтіріп отырсың.

«MadMen» тобы:

-Кішкене американдық акцентпен айтамыз. Акцентпен айтамыз дегенде, тырысамыз. Тырысамыз деппін ғой..

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет