Деми Ловато құрбысы Селенаға ренжулі

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық әнші Деми Ловатоның есірткіге құмарлығы, жақындарына да кесірін тигізіп жатыр. Мысалы, ол өнердегі құрбысы Селена Гомеспен достық жібін үзген көрінеді.

Селенаның БАҚ өкілдеріне Демидің есірткіге әуестігі жайлы өз ойын ашық білдергені үшін, Ловато құрбысына ренжіген көрінеді. 7 жылдан бері сыйласқан жан досының пікірі артық болды деген Деми, Селенамен мүлдем араласпауды жөн көріпті. Әнші нашақорлыққа құмарлығын жақындарынан жария қылмауын өтінген көрінеді.

Кезінде дәл осы Селена Гоместі ұсқынсыз деп мазақ қылған Стефано Габбананың басы дауға қалды. Сәнгердің кесірінен Шанхайда жоспарланған Dolce & Gabbana көрсетіліміне тыйым салынған. Оған себеп, әйгілі брендтің жарнамалық бейнероликте таяқшамен тамақтана алмай отырған аруды көрсетуі. Бұған ренжіген Қытай халқы мәдениетімізді күлкі етті деп айыптауда.

Лондонда әйгілі музыкант Майкл Джексонға арналған көрме ашылды. Поп-патшасының 60 жылдық мерейтойының құрметіне, талантты суретшілердің туындылары ұсынылған. Қырыққа жуық картиналардың ішінде марқұм болған Энди Уорхолдың да еңбегі бар екен.

Николай Куллинан, Лондон ұлттық музей директоры:

-Көрмеде ұсынылған картиналардың өз құпиясы бар. Әр суретші аты аңызға айналған музыкантты, жаңа қырынан көрсеткісі келді

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет