«Жұлдыз ауруын» жеңгендер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жеке өміріндегі өзгерістерден кейін жұрттың назарына іліккен Әуелбекова, енді өнер жолында жасаған ағаттықтарын ашып айтуға бекінген. Тыңдармандарына ерсі қылық танытқан Мөлдір, алғаш рет жұлдыз ауруы жайында сөз қозғады.

Қазіргі таңда Әуелбекова барын бағалай біледі. Ал 2004-жылы «Суперстар» жобасында жұлдызы жанған 18 жастағы бойжеткен, өнеріне тәнті болған талай тыңдарманына өркөкіректік танытыпты.

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

-Тәкаппарлық, адам менсінбеушілік, өзіңді жоғары санап... Мен сондайдан өттім. Мен оны мойындаймын. Мен қайта сол кезде содан өтіп алғаныма өте қуаныштымын. Сол кезде балалықпен өтіп алдым. Егер қазір сондай нәрседен өтіп жатсам, ауыр тиетін еді.

Бүгінде Жұбаныш Жексен ақыл тоқтатқан ағалардың қатарын толықтырса да, кезінде тосыннан келген танымалдылық – өнер иесін адам танымастай өзгерткенін бірі білсе, бірі білмес.

Жұбаныш Жексенұлы, әнші:

-Менің сол «жұлдыз ауруымен» сырқаттанған кезім сол ешкімнің көзіне түспей, көрінбей жүрген кезімде өтіп кетті. Жетістіктерге жете бастаған кезде адам біліп, сезе бастайды. Жаңағы «жұлдыз ауруы» болады. Ол үшін өте данышпан, ақылды болу керек шығар, ондай аурумен ауырмау үшін.

Ернар Айдардың да шығармашылығы шарықтаған шағында, көпшіліктің көңіліне кірбің салған сәттері жоқ емес. Әуежайдан түсірілімге асыққан әнші жігіт, суретке түсуді өтінген жанкүйер қызды қатты өкпелеткені әлі есінде.

Ернар Айдар, әнші:

-Оның барлығын енді көрермен қауым біле бермейді ғой. Тек өзіне керекті нәрсені ойлайды да, кішкене кейде ренжіген сәттері болды. Кейін кешірім сұрап, барынша суретке түсуге тырысамын. Мен жас болғандықтан бір-екі нәрселер ойламай қалуым мүмкін.

Сондай-ақ, Төреғали Төреәлінің Керекудегі концертінде көрсеткен ерсі қылығын, дүйім жұрт жұлдызды дерттің белгісімен байланыстырған еді.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет