Қол сағаты қымбат спортшылар

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдызды спортшылар бұл заманда адамның көркі – қымбат сағат екенін жақсы түсінеді. Олардың қолына таққаны кей-кезде бір зуәлім үйдің құнымен пара-пар болып жатады.

Мысалы, бокстан әлем чемпионы Флойд Мейвезер, құны 20 мың еуродан басталатын жақұтпен көмкерілген сағаттарды тағуға құмар. Оның экс-қарсыласы қызуқанды Конор Макгрегордың ажарын сары алтыннан немесе платинадан жасалған бағасы 30 мың еуролық сағаттар ашады.

Әйгілі аргентина аяқдопшысы Мессидің қолына таққан болат құрышпен күптелген швейцариялық бренді – 27 мың еуроға татиды. Тағы бір жұлдызды футболшы Фернандо Торрестің титанмен апталған сағаты 15 мың еуро тұрады. Ал әйгілі баскетболшы Леброн Джеймс жатса-тұрса да, 27 мың еуролық асыл металлды сағатын білегінен тастаған емес.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет