Кайли Дженнердің сүйіктісі - ең үздік

Сообщить о проблеме с эфиром

Алайда, өткен жетістігіне қарамастан, Jay -Z Биллборд чартының бүгінгі көшіне ілесе алмауда! Мәселен, ең бай хип-хоп орындаушының алдын Трэвис Скот орап кетті!

Жас өнерпаз да, көп ұзамай дәулетті рэперлер қатарына қосылуы бек мүмкін! Себебі, оның «Astroworld» атты жинағын тыңдармандары таласа сатып алып жатқан көрінеді. Хип-хоп әншінің бұл альбомының жарық көруіне Кид Кади, Фрэнк Оушен, Дрейк, Стиви Уандер, The Weeknd сынды талай жұлдыздар өз үлестерін қосқан еді.

Майталман музыканттарға дес бермей жүрген жастардың тағы бірі - 6ix9ine. Жанкүйерлеріне уәде етілген уақытынан кешіктірсе де, рэпер күні кеше «DUMMY BOY» жинағын ұсынған еді. Өнерпаздың жаңа альбомын алғаш болып тыңдауға асыққандардың қатары көп болды. Нәтижесінде, 6ix9ine Билборд 200 чартының екінші орнында!

Ең қызығы, үздік үштікті канадалық крунер орындаушы – Michael Bublé түйіндеді. Әншінің «Махаббат» атты әнжинағына расымен, көпшіліктің сезімі оянып жатқандай.

Алайда, бұл Майклдың таңдаулы чарттардан алғаш рет табылуы емес. Сондай-ақ өнерпаз, кезінде әсем дауысы арқылы талай «Грэмми» марапатын еншілеген еді.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет