Ресейді бағындырған қазақ жұлдыздары тату ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші Адам, ресейлік шоу-бизнестің өкілі атанған отандастарымен қарым-қатынасын ашып айтты. Мәскеулік музыканттармен тығыз байланыс орнатқан қазақстандық өнерпаз, Назимамен жүздесу мүмкін емес дейді. Блэк-старлық бикештің өзгергені рас па?

Adam, «Adam X» тобының әншісі:

-Назимамен біз таныспыз. Кезінде «Алтын гелз» тобында ән айтқанда, өзі бөлек айтқанда біз бір-бірімізді таныдық. Сол уақытта қатты құрметтедім Назиманы.

Иә, ол кезде Назима шығармашылығын өз елінде шыңдап жүрген еді. Тосынан жұлдызы жанған бикеш – бүгінде «Блэк стар» орталығының белді мүшесі.

Тимати тізгінін ұстаған лейблда қызмет ететін қазақ қызының, қазір жұмыс кестесі тығыз. Бүгінде Назима Мәскеуде тұрады. Шығармашылық істермен Адам да аталмыш шаһарға жиі барады екен. Бұрындары қолдары қалт етсе бас қосатын отандық әріптестердің арасын, енді тек әлеуметті желі жалғап тұр.

Adam, «Adam X» тобының әншісі:

-Назимамен көбінесе бір-бірімізге инстаграмда жазамыз да, одан ары бармайды.

Ресейлік сахнада жүрген қазақстандық талантар жетерлік. Мәселен, «Мбэнд» бойзбендінің солисі Анатолий Цой, Жаһ Халиб, Скриптонит сынды рэперлердің есімі – ТМД кеңісітігінде кең танымал. Ал, шет елдің шоу-бизнесін бағындырған отандық өнерпаздардың өзара қарым-қатынасы қалай?

Adam, «Adam X» тобының әншісі:

- Жак Халибті мен танымаймын, Скриптонитті мен танымаймын. Анатолий Цоймен тек Қазақстанда ғана кездесеміз.

Мәскеулік музыканттармен қарқынды жұмысқа кіріскен Адам, есесіне «ДЭ Джигитс» тобымен достық байланыста. Байғали басқаратын бойзбендтің әншісі Әлішер Егембердиев, «Адам Х» ұжымына бірнеше авторлық әнін де сыйлапты.

Adam, «Adam X» тобының әншісі:

-Біздің соңғы екі әнімізді, Хамильмен жазған дуэтімізді және соңғы «Танцуй» әнін бізге жазған, досымыз Әлішер Егембердиев.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет