Селена Гомес пен Карди Бид бейнебаян ұсынды

Сообщить о проблеме с эфиром

Тейлордың өнердегі әріптестері, Селена Гомес пен Карди Би соңғы ортақ туындыларын қайта жаңғыртпақ. Таланты арулар «Taki Taki» тректеріне екінші мәрте бейнебаян ұсынды.

Селена, Карди Би және Озунаның дәл осы - «Taki taki» трегі бүгінде хитке айналды. Екі айдың ішінде 650 млн-нан астам қаралым жинап үлгерген клиптің, енді анимациялық нұсқасын да тамашалауға болады.

Музыканттардың өздерін мульфильм кейіпкерлеріне теңеуі бекер емес тәрізді. Талантты әншілер осылайша кішкентай тыңдармандарына да ұнамақ ниетте.

Сахнаға ұзақ үзілістен кейін қайта оралған Аврил Лавин, тың туындыларымен қуантуға білек сыбана кіріскен. Өнерлі ару «Tell Me It's Over» әніне бейнебаян таспалады. Аврил әсерлі әуені арқылы ғашықтардың баянсыз махаббатын жеткізігісі келгендей. Бұл трек әншінің келер жылы жарық көретін «Head Above Water» әнжиғанына арналған 12-ші еңбегі.

Кэтти Перридің, компьютерлік ойынға құмар жандарға тосын сыйы бар. Әнші «Immortal Flame» атты су жаңа трегіне ерекше видео ұсынған. Талантты ару, келешекте әйгілі видео ойындардың бірнешеуінде бой көрсетпек. Кэттидің образы – енді қаһарман қыздарды жасап шығару үшін қолданылады!

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет