ДиКаприо «Оскар» жүлдесінен айрылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтық танымал актер Леонардо ДиКаприоның да басы дауға қалды. Заң қызметкерлері, серіні лайықты жүлдесінен айырмақ ниетте. Лео, досы Джо Лоудан сыйға алған мүсіншені қайтаруға тиіс. Бұған не себеп болды?

Дәл осы «Уолл-Стриттің қасқыры» лентасың авторлары, Леоны кезінде «Оскар» марапатының үміткерлері сапына қосқан еді. Сол кезде жүлдесіз қалған голливуд жұлдызына, кәсіпкер досы Джо Лоу мүсіншені сыйға тартқан. Бәссаудадан осы «Оскарды» 600 мың долларға сатып алған бизнесмен, бұл қаржыға жемқорлықпен қол жеткізді деп айыпталуда. Енді заңсыз әрекеттері әшкере болған Лоудың кесірінен ДиКаприоның жүлдесі тәркіленуі мүмкін.

Бақилық болған рэпер Хxxtentacion-нің анасы, ұлының арқасында мол табысқа кенелуде. Жас музыканттың бүгінде әр трегі мен соңғы әнжиғаны – АҚШ-та ғана емес әлем бойынша сұраныста. «Forbes»-тың «дүниеден озған ең бай жұлдыздар» тізіміне енген таланттың есеп шотына бірнеше айдың ішінде 11 млн доллар пайда түскен екен.

Танымал актриса Дакота Джонсон ақ келін атанбақ. Бикеш, өзінің сүйіктісі Крис Мартинмен, шаңырақ көтеруге дайындық үстінде екенін айтты. 41 жастағы «Coldplay» тобының музыкантымен көңіл қосқан Дакота, жеке өмірін барынша құпия ұстауды жөн көреді. Тіпті үйлену тойын да папарацци мен халықтан жасырын өткізуі мүмкін.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет