Тейлор Свифт 2018 жылдың үздігі атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі Биллборд басылымы – Тейлор Свифты жылдың «ең үздік альбом иегері» атады. Соңғы он жыл ішінде талай белестерді бағындырған әнші бүгін жиырма тоғыз жасқа толды. Қарапайым қыздан әлемдік жұлдызға айналған арудың, жетістікке жетудегі құпиясы неде?

Гитарада шебер ойнай алмаса да, Тейлор небәрі 10 жасында алғашқы әндерін жаза бастайды. Кезінде сыныптастары жақтыртпай, өнерлі қыз қатарластарын мойындату үшін – әйгілі болуды мақсат еткен. Талантымды дәлелдеймін деп тер төккен Тейлор, уәдесінде тұрып 17-ге келген шағына әлемнің ең танымал орындаушыларының бірі атанды.

Тейлор Свифт, әнші:

-Он алты жасымда күнделігімде ән жазған едім. Алайда, бастапқыда оның мағынасын – жанымдағылар аса түсіне қоймады. Кейіннен туынды көпке ұнады. Меніңше, әрбір әннің өз тарихы, оқиғасы болуы керек. Сонда ғана әртіс тыңдарманның жүрегіне жол таба алады.

Кантри-поп әншісінің өнердегі бұл әдісі расымен нәтижелі шықандай. Оның бар жан-тәнімен жазған екінші «Fearless» альбомы – АҚШ-тағы ең сатылымы жоғары туындыға айналды. Одан өзге, ән жинақ үшін «Грэммидің» төрт бірдей жүлдесін еншілеген Свифт, аталмыш марапатты алған тарихтағы ең жас орындаушы атанды. Ал альбомындағы бірнеше әсем әні Биллборд чартының көшін бастаған еді.

Өнерпаздың 2012 жылы жарық көрген Red жинағы да, көптің көңілінен бірден шықты. Альбомдағы «We Are Never Ever Getting Back Together» және «I Knew You Were Trouble» тректері болса – әлемдік хиттерге айналды.

Сондай-ақ, Тейлор Свифт Карри Андервудпен бірге Rolling Stone ұсынған «Поп-музыка патшайымы» тізіміндегі тұңғыш кантри-орындаушы атанды. Оның есімі «ең табысты әртіс» ретінде де Forbes журналында жиі айтылады. Бүгінде өнерлі бикештің жылдық табысы 320 миллион долларды құрап отыр.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет