«BTS» өз елінде тұңғыш рет үздік атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Оңтүстік кореялық BTS бойзбендіне хайптың мүлде керегі жоқ! Жігіттер онсыз да қажырлы еңбектерінің арқасында – жер жаһаннан жанкүйер жинап жүр. Көптің көңілін жаулаған топ, енді «Seoul Music Awards» марапатының бірнеше мәрте жүлдегері атанды!

Жыл сайын дәстүрлі түрді өткізілетін Seoul Music Awards шарасы, осымен 28-рет ұйымдастырылған еді. Ән мерекесінің негізгі мақсаты – кей-поптың кіл мықтыларын анықтау. Биыл марапатты еншілеуден рекорд орнатқан – сөзсіз BTS ұжымы болды. Бойзбенд бұл күні үш бірдей марапатты еншілесе, ішінде ең беткеұстары – «гран при» жүлдесі.

BTS тобы:

-Өзге топтардан оза шауып, үздік атанғанымыз үшін қуаныштымыз. «Army» бұл сендердің арқаларың! Біз сендерді жақсы көреміз. Сендер болмасаңдар, BTS-те болмайтын еді. Сондықтан ұмытпаңдар, Арми BTS-тың бір бөлшегі!

BTS иемденген бас жүлде – өткен жылы EXO-ға бұйырған еді. Төрт жыл бойы тұғырын ешкімге бермей келген топ, бұл жолы тек арнайы мүсіншені қолтықтап қайтты.

Күллі k-pop орындаушылар бас қосқан кеште EXO-дан өзге Monsta X, Red Velvet, Wanna One сынды бірқатар ұжымдар болса, «Бонсан» яғни арнайы сыйлықтарды еншілеген еді.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет