Брэд Питт жаңадан әйел іздеуде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Брэд Питт те жар іздеуден жалығар емес. Анджелина Джолимен заңды түрде ажырасқан актер, тағы шаңырақ көтермек ниетте.

Соңғы кездері Брэд Питт пен Шарлиз Терон көңіл қосты деген қауесет тараған еді. Алайда қос жұлдыз бұл ақпаратты жоққа шығарды. Брэд өз әріптестерімен тек достық қарым-қатынас орнатуды құп көріпті. Актер экс-жұбайының өнер адамы болғаны жетерлік деп отыр. Енді голливуд серісі, қарапайым жанды кездестіруді қалайды екен.

Анджелина Джоли жеке өмірінен бұрын, шығармашылығына көңіл бөлуде. Актриса кезікті картинаның түсіріліміне кіріспек. Ол режиссер Тейлор Шериданның «Маған өлім тілейтін адам» триллерінде басты рөлді сомдайды. Джоли үшін бұл соңғы 4 жылдағы, «Малефисента» сиквелінен кейінгі екінші жобасы болмақ.

Сэм Смит тыңдармандарына су жаңа бейнебаян ұсынды. Музыкант, америкалық әнші Норманимен бірігіп орындаған «Dancing With A Stranger» туындысына клип таспалаған. Өнерпаздардың ортақ трегі екі апта бұрын ғана жарыққа шақса да, әлемдік «itunes»-тің көшін бастап үлгерді.