Ақбота-Нұр екі айлық сәбиімен жұмысқа шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Екіншісін нәрестесін дүниеге әкелген Ақбота Сейтмағанбет қол қусырып, үйде отырудан аулақ! Шығармашылығына шындап кіріскен ол, керек болса бала бағуды Айдарқұловқа толықтай жүктеп қоймақ екен.

Дәл осы сурет үшін желідегі жанкүйерлер Ақботаны әбден жазғырды.

Қырқынан жақында ғана шыққан кенжесін өзімен бірге жұмысына ерткен Сейітмағамбет, өз оқырмандарынан оңбай сөз естіген болатын.

Ақбота Сейтмағанбет, әнші, актриса:

-Көбісі сұрап жатыр, неге жазға дейін демалмайсың, балаларың кішкентай ғой, тәрбиелеп, өсіріп алсай деген сияқты. Енді, өнер адамы болғандықтан, үйде отыра алмаймыз. Бір жерде отыра алмаймыз, бала бағып үйде отырып көрмегендіктен. Көбінесе жұмысқа шығып кеткізім келеді.

Сәбиім өнеріме тұсау бола алмайды деген әнші, халық ықыласынан айрылмас үшін барлығына да дайын. Керек болса, нәрестесін күйеуі Дәуреннің қарауына қалдыру да ойында бар.

Ақбота Сейтмағанбет, әнші, актриса:

-Енді Дәурен, біріншіміз ұлғой, екіншіміз қыз болса екен деп, өзі Алладан сұрап алған қызы. Енді таңнан кешке дейін, сол қызымен отырады үйде.

Кестетігерін түрлі түсірілімдерге сүйреген Ақботаны актриса Аида Жантілеуова жақсы түсінеді. Өнерпаздың өзі де 30 градус ыстыққа қарамастан, бүлдіршінін жанынан бір елі де қалдырмаған еді.

Аида Жантілеуова, актриса:

-Бәрін көріп үйреніп өседі, және даланың ауасын, осындай ыстықты да желді де, бәрін көріп өскен бала. Өзіміз жаман үйретемізғой қалада ешқайда шығармай аурушаң қылып. «Шарын» шатқалына да қызыммен бардым.

«Оның үстіне, балаларым өнерге бір табан жақын болып өседі» - дейді актриса. Ал, сахнаны ерте көріп жетілген Димаш Құдайбергенов пен Әли Оқапов бұл дәстүрдің бүгінгі түлектері секілді.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет