«Опмай-опмай» - «аяқтың әні»!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Опмай-опмай» жарыққа шыққалы, өмірлері күрт өзгерген «Азия» мен «Бақай», аталмыш хит арқылы халықтың жан-айқайын жеткіздік деп отыр. Ал, атышулы тректі тыңдаған Нұрлан Әлімжан, бұл туындыны жеңіл-желпі жұмыстың біріне балайды.

Бүгінде «Опмай-опмай» бейнебаяны 27 миллионға жуық қаралым жинаған. Ғаламторда көптің қызығушылығын оятқан туындының орындаушылары, бұл көрсеткішті жақсылыққа жориды.

Ербол Шәріпов, «Азия» тобының әншісі:

-Бұл дегеніңіз менің ойымша, біз шынында да халықтың ішінде жүрген жан-айқайын болсын, қынжылып жүрген нәрселерін түрткен секілдіміз. Біз солай ойлаймыз өзіміз. Демек, расында солай екен ғой шынымен көп қаралым болып жатса, деп ойладық біз.

Кезінде «Азиялық» Ринатпен және аталмыш ұжымның алғашқы құрамындағы Азаматпен «Нар» триосында ән салған Әлімжанов, бұл пікірмен мүлде келіспейді. Топтың түпкі тарихына өзіндік үлесін қосқан Нұрлан, таяуда «Опмайды» тыңдап, мынадай ой түйіпті.

Нұрлан Әлімжан, әнші, актер:

-«Ойдың әні бар, жүректің әні бар және аяққа арналған ән» бар. Ол «аяққа» арналған әндер ғой. Таза «Опмай-опмай» деп. Басқа енді рухани азық емес қой енді ол. Әйтпесе жігіттер өзіміздің достарымыз ғой.

Әлімжанның астарлы сыны орынды. Бірақ Нұрлан айтқан рухты әндерді «Азия» тобы осыдан бірнеше жыл бұрын жазған.

Ербол Шәріпов, «Азия» тобының әншісі:

-Бір жарым жыл бұрын «Біз жастарға сенеміз» деген ән шығардық. Болып жақтан жағдайларға байланысты. Көбісі неше түрлі хайпты қуалап кетті ғой. Бірақ сонда да біз жастарға сенеміз деген секілді, Мағжан Жұмабаевтың өлеңіне ән жаздық. Бірақ халыққа жеткен жоқ. Халық тыңдамады.

Әріптестерін әзілмен әжуалаған әншілер, «Опмай-опмай» ерен еңбектің жемісі деп отыр. Сондықтан, ән әлеміндегі олқылықтарды, әрмен қарай әшкерелей бермек.

Ербол Шәріпов, «Азия» тобының әншісі:

-Біз ешкімнің көзін шұқып, «сен андайсың, сен мұндайсың» деп жатқан жоқпыз. Дейді дедік. Дегені өтірік пе? Дегені рас қой. Дегендері рас болмаса, өздері келіп айтсын. Біз не айтқандарын өздеріне айтып отырмыз ғой.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет