Жаны жабырқаулы жұлдыздар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Су жаңа туындыларымен қуантуды қойған Джастин Бибер болса, дәл қазір күйзелісте жүр! Бұл туралы Хейлидің сүйіктісі инстаграм парақшасында жазып, «мен үшін дұға жасап қойыңыздаршы» деп өтінген-ді. Сөйтсек, мұндай көңілсіз күй Жұлдыз Өмірғали, Диная бастаған өнер өкілдеріне жат емес болып шықты.

Жан айқайын жеткізіп, пост қалдырған Джастин Биберге отандық жұлдыздар көмектесуге құлықсыз! Себебі, өнер өкілдерінің өздері де күйзеліспен күресіп әлек. Мысалы, Айқынның асыл жары Жұлдыздың жанын – жағымсыз жазбалар жабырқатқан.

Жұлдыз Өмірғали, әнші:

-Көптеген адамдар мені түсінбей, қарғап жататын кездер болады. Сол жаман сөздер жазады. Оның барлығы менің жүрегіме әсер етеді, шаршадым.

Жұлдыздың мұндай жай-күйін құрбысы Ақбота Сейітмағамбет те жақсы түсінеді. Алайда, әнші аруды қарша бораған сан-алуан пікірлер емес, жүктіліктен кейінгі депрессия қаттырақ мазалапты.

Ақбота Сейтмағанбет, әнші:

-Соңғы кездері енді босанғаннан кейінгі депрессия дей ма, стресс па сондай болады ғой.

Бұл нәзік жандылардың көңіл құлазуын, Динаяның жағдайымен салыстырғанда түкке тұрғысыз дерсіз. Себебі, жеке өмірі мен өнердегі сәтсіздіктерінен туындаған күйзеліс – бикештің денсаулығына әсер еткен.

Диная, әнші:

-Мен 2 ай бойы ауырдым. Әуеліде белгісіз бір вирустық инфекция болды. Емделмеуінің салдарынан ол асқазаныма, кейін ішегіме кетіп, «анорексия» дертіне шалдықтым.

Өнердегі сіңлілерінің қал-жағдайын естіген Мәдина Сәдуақасова болса, жамандық атаулыға қарсы тұра білудің құпиясымен бөлісті.

Мәдина Сәдуқасова, әнші:

-Мен өзімді үйретіп қойғам қалай стресстен шығу керек екенін. Енді, бала ғой бүкіл стресстен, бүкіл негатив эмоцияның барлығын сол балам жаза алады.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет