Айқын плагиатқа ұрынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айқынның, Жұлдызға арнаған жұмысы – көшірме клиптердің қатарына кірді. Көзі қырағы көрермен, әншінің келіншегі бой көрсеткен видеосын плагиат деп пайымдаған. Өйткені, Төлепбергеннің туындысында «Найнти уанның» бейнебаянындағы ұқсастықтарды байқапты.

Дәл осы видео жарыққа шыққалы, Айқын мен Жұлдызды жұрт сынаудан шаршаған емес. Бұл жолы атышулы жұптың хэйтерлері, клиптің локациясынан таныс кадрларды көзі шалып қалған.

-«91-ден» қалған локациялар күшті кетіпті.

-Ерболат Беделхан локациямен көмектескені үшін ғана лайк басамын.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Маған «Найнти уанның» клиптері ұнады да, содан кейін ойладым, бұл әнге келетін бейнебаянды Ерболат түсіру керек деп, осы Ерболатпен сөйлестім. «Найнти уанның» клиптері өзі өзгеше ғой. Сондай стильде түсіргім келді толығымен.

Айқын өзіне тағылған айыпты жоққа шығармағанымен, клиптің режиссеры Ерболат Беделханның жауабы тым басқа.

Ерболат Беделхан, продюсер, режиссер:

-Жоқ, бұл «91» тобына ұқсамайды. Себебі Айқын мен «91» тобының өнері, бағыты екі бөлек.

Айқынның клипіндегі кадрларды көшірмеге балаған көпшілік, енді әуеннің де ұрланғанын аңғарыпты.

-Плагиат «Половина моя»

-Плагиат «Ка-Ре» - «Половина»

Айтпақшы, өзге ұлттың әніне жиендік жасағандардың қатарында Жанболат пен Жазира да бар. Бұл дуэт шет елдік шығарманы шырқап қана қоймай, авторы ретінде отандық сазгердің аты-жөнін жаздырған.

Сәдуақасова, авторлық құқық аясындағы жауапкершілікті жақсы біледі. Сондықтан, музыкасын мұқият тыңдайды екен. Өткен жылы қырғыз композиторының әнін шырқаған бикеш – тың тректің тұңғыш орындаушысы.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Ешқандай проблема болмайды. Өзім естіген кезде, барлығын тексердім. Ең алғаш естіген кезде ол әннің ешбір жақтан алынбағанын, жаңадан жазылғанын өзім көрдім.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет