Белгілі вайнер төртінші рет әке атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қылмыстық топтың басшысын сомдаған Мейіржан Төребаев кинода қатал көрінгенімен, өмірде мейірімді әрі балажанды отағасы деседі. Айтпақшы, әзілкеш актер төртінші мәрте әке атанды. Бұл қарқынға қарағанда, көп балалы шоу-бизнес өкілдерінің саны әлі де арта түсетін секілді.

Полиция қызметкері ретінде елге етене таныс Мейіржан, дүние есігін жаңа ашқан атұстарына әлі есім таңдай қоймаған. Бүгінде үш ұлы мен бір қыздың әкесі атанған ол, отбасы мүшелерінің саны артса тіпті қарсы емес.

Әлия Телебарисоваға да жаймашуақ көктем жақсы жаңалығымен қатар келді. Актриса екінші мәрте сұлу ханшайымның анасы атанды. Кестетігеріне – Амели деп ат таңдаған еді.

Жұлдызды жанұя – Төлепбергеновтер шаңырағынан да көп ұзамай іңгәлаған сәбидің дауысы естілуі тиіс.

Жұлдыз Өмірғали, әнші:

-Мен өзім отбасымда інім екеуіміз қатар өстік, өстіп. Арамыз 1,5 жас болды. Маған 2 бала аз болған. Мен көбірек отбасында адамдар болғанын қаладым. Қазір мен өзім 3-4-ін қалаймын.

Ал, айы-күні жақсындаса да Айнұр Ілиясова шығармашылығын шетке ысырып қоюдан аулақ. Бүгінде екінші қызын күтіп жүрген ол, сәбиін дүниеге әкеле салып, «Бөпе фэйр» фестивалінің жұмысына кірісіп кететінін жеткізді.

Айнұр Ілиясова, актриса:

-Биылға жоспар бар үлкен, тағы да қалалар қосылады, былтырғыдан да жақсы өтеді деген үміттемін.

Аяқ-қолын бауырына алып, жоспарларын жүзеге асыруға асыққандар қатары Айнұрмен шектелмейді. Әнші Лидо төртінші сәбиін күтіп жүрсе, «Алдавайлық» Шоқанның асыл жары – Анель екінші мәрте ана атанбақ.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет