Жеңіс Ысқақова келінін қайтаруға неге құлықсыз?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жуырда ғана жанұясындағы жайсыз жаңалықты жария еткен Жеңіс Ысқақова, ұлының экс-жұбайына қатты өкпелі. Тіпті, төркініне кеткен келіншектің отбасына оралғанын да қаламайтын көрінеді. Себебін сұрағанымызда, жауабы да дайын екен.

Хат-хабарсыз кеткен келінінің қылығы Ысқақованың ызасын әлі күнге дейін тудырып жүр. Отбасылық одақтың алғашқы жылында-ақ төркініне тайып тұрған Карина, жұлдызды енесі келер деп көп күткен көрінеді. Алайда, Жеңістің жауабы мынау...

Жеңіс Ысқақова, әнші:

- Мен не жүгіруім керек пе артынан? Мен күйеуімнің де артынан жүгірген адам емеспін. (күледі)

«Опмай-опмайға» дейін көпшіліктің көзінен тасада жүрген «Азия мен Бақай» ұжымының журналистермен жүздеспегеніне біраз жылдардың жүзі өткен. Сондықтан болар, сұхбат кезінде қобалжиды!

«Азия» & «Бақай»:

- Айтайын, қазір айтайын, иә? Микрофонға айтайын, иә? Айта берейін бе? Сөйлей берейін бе? ААА...

Бұл жігіттер шынымен сұхбатты сағынып қалған. Бірақ бір-біріне деген сыйластықтары қаз-қалпында. Әр сауалға кезек-кезекпен жауап бергісі келеді.

«Азия» & «Бақай»:

- Айтсашы сен. Мен сөйлей беремін бе. Сөйлей берші. Мен сөйлей беремін аузым жабылмай. Мынау сөйлеу береді екен демесін. Сен сөйлеп үйреніп қалдың ғой.

Еліміздегі «Ең үздік вайнер» атағын еншілеген Мейіржан Төребаев, камера алдында өзін бодибилдер спортымен шынығатын жігіттерше сезінетін секілді.

Мейірхан Шерниязов, режиссер, актер:

- Осындай... Кружки как? Кружки қалай болады? Үйірмелер! Осындай үйірмелердің болғаны жақсы. Жас балалардың өнерлері ашылады. бір-бірімен арласып жақсы, күшті болады!

Сұхбат сәтіндегі қызықтардың легі мұнымен шектелмейді. Отандық шоу-бизнестің өкілдері кейде сөзден гөрі, биге бейімдеу екенін байқатып әлек.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет