Мақпал Жүнісова кімнің кредитін жабуға мәжбүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кредит мәселесі Мақпал Жүнісоваға да жақсы таныс. Бір өкініштісі, өнер иесі өзге біреулердің несиесін төлеп жүрген көрінеді. Бұл Халық әртісіне көрсетілген қоқан-лоққы ма, әлде әншінің ет-жақындарына деген жәрдемі ме? Серікқазы Аязбаев айтады!

Мақпал Жүнісова, ҚР Халық әртісі:

- Менің туысқанарым бар алып жатқан. Олар алады, мен жабамын кредитті. Бір-екеуі алды енді, оны жауып бердім. Сосын алмаңдар деп айттым. Неге кредит аласыңдар, әлдеріңе қарап алмайсыңдар ма? Кредитті неменеге аласыңдар, жейтін наның болса алдыңда. Алдыңда наның бар ма, шәйің бар ма, жыртық киім киіп жүрген жоқсың ба? Соған Құдайға шүкір деңдер!

Жүнісова жақындарынан жәрдемін аяған емес. Бірақ, кредиттің пайдасынан гөрі, кесірінің көптігін жоққа шығармайды.

Мақпал Жүнісова, ҚР Халық әртісі:

- Кредитті неге алады? Той жасаймын деп алады. Кредитті неге алады? Көлік мінемін дейді. Содан кейін кредитін жаба алмайды. Үйінен айрылып қалып жатыр. Байлыққа қызығып мен де мінуім керек, менің де тон киюуім керек, мен де гауһар тасты сақина киуім керек деген әңгімелер көп қазір. Оның ешқандай қызығы жоқ мен сізге айтайын!

Мақпал айтқан адамдардың санатындағыларды Иманбаева да жақсы біледі. Өйткені, өнер иесі олар жайлы кітаптан жиі оқиды. Психологтардың пайымдауынша: жұрт алдында жарқырап көрінуді қалайтындардың санасында олқылық бар.

Айгүл Иманбаева, әнші, актриса:

- Тек қана бренд киімге ғана жүгіріп, сонымен ауыратын, қандай жағдай болса да кредит алып той жасайтын, жарқ-жұрқ етіп бар болып көрінуге талпынатын адамдардың барлығы – мишықтың ішіндегі санасы кедей адамдар екен.

Кезінде кредиттің қызығын көргендердің бірегейі – Айгүлдің өзі. Қазіргі таңда қаржыны қажетсінсе де, несиеге жоламауға тырысады!

Айгүл Иманбаева, әнші, актриса:

- Бастан талай өткен ғой. Кредит алу, жабу деген дүниенің бәрін мен 1998-ші жылдарда бастан өткізіп тастағанмын, ең алғаш кредит басталған заманда. Мен сізге айтайын негізі алмаған дұрыс қой!

Бүгінде банкке белшеден берешек болған қандас көп. Ал, одан құтылардың мерзімі қыр астында еместігі де айдан анық!

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет