Егде жастағы шенеунікті жары еткен Гүлнұр Оразымбетова отағасының қатаң талаптарын тізбектеп берді.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Суретті салмайсың, жұбайыңды желіде жарнама жасамайсың!» Бұл Гүлнұр Оразымбетоваға шенеунік жолдасының қойған басты талаптарының бірі. Егде жастағы ер азаматтардың келіншегі атанған әнші, отағасының отбасылық ұстанымын алғаш рет ашып айтты.

Бұл жолы шенеуніктің келіншегі шындықты айтуға әзір. Кезінде егде жастағы ер азаматпен көңіл жарастырған Гүлнұр – бүгінде аяулы жар, бақытты ана! Ғаламторға екі ұлымен түскен фотоларын жиі салғанымен, жолдасының бет-жүзін көрсетуге келгенде сараңдық танытады.

Гүлнұр Оразымбетова, әнші:

- Менің суретімді салуға рұқсат жоқ деді. Болды! Көпшілік менен сұрап жатады жолдасыңыздың суретін неге салмайсыз, неге көрсетпейсіз деп. Мысалы, балаларымның өзін қазір өнерге шығып, өнер көрсетіп жүрген соң ғана сала бастадым. Алдында оған да рұқсат бермеген балалардың суретін салмайсың деп. Өзіңмен өзің болшы, айналайын деген маған.

Махаббаттың жас талғамайтынын дәлелдеген тағы бір жұп – Динара Сұлтан мен оның отағасы. Ерлі-зайыптылардың арасы 17 жыл. Бүгінде көп балалы ана, бес перзентінінің әкесін жұрт назарынан жырақта ұстайды. Суретін желіге салса, жүзін жасыратыны тағы бар. Бұл жолдасының өтініші екен.

Динара Сұлтан, әнші:

- Кейбір кезде ойбай, мына бес баланы қайдан тапқансың деп сұрап отырады ғой. Тағы басқа... сондықтан, міне жан-жарым бар деген сияқты фотоларды кей кезде саламын. Бірақ ол оны жақсы көре бермейді. Сөйлеп, ренжиді. Сондықтан ол маған айтады: «Біздің жанұямызда бір адам бар теледидарға түсетін, өлең айтатын. Сонымен шектеліп қала берейік», дейді.

Зарина Омарова да көпшілік ортада отағасымен көзге түскенді қаламайды. Өнерде келіншегінің кәсібіне қолдау көрсеткенімен, өмірде камера алдында қобалжитын көрінеді. Сондықтан болар, барлық түсірілімдерден бас тартады екен.

Зарина Омарова, әнші:

- Менің жолдасым түскісі келмейді. Сондай өзгеше адам. Мені түсірмей-ақ қой, мен енді сені жұмысыма алып жүрмеймін ғой дейді. Сол сияқты менде сенің жұмысыңа араласпай-ақ қояйын дейді.

Бүгінде Зарина мен жолдасының жанұясында бір атұстары мен кішкентай бұрымдысы өсіп келеді.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет