Әйгілі Нюшаға қазақ тілінде ән салдырған Қайрат Нұртас, енді Түркия тыңдармандарының жүрегін жауламақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тіл мәселесі хитмэнды қинап жатқан жоқ па?

«Алматының түндері-ай» - Қайраттың ән қоржынын толтырған хит әндердің бірегейі. Кейін қазақ баласы аталған тректі әйгілі Нюшамен қосыла шырқады!

Қайрат Нұртас, әнші:

- Жақында «Алматының түндері-ай» деген әнді түрікше аударып жазып көрдік. «Алматының кэчелері», деп мысалға, Стамбулым деп қойып... Керемет! Түрікше нұсқасы шықты. Бірақ әлі таратқан жоқпыз. Ұстап отырмыз. Мен негізі күніне 1-2 ән жазбасам, ауырам десең

Танымал тректерді түрік тіліне тәжімәлау КН командасының – ауқымды аудитория жинауға деген талпынысынан туындаған!

Қайрат Нұртас, әнші:

- Түрік елі мысалға өзіме қатты ұнайды. Түркі халқы. Айтқым келіп тұрғаны – өсу керек қой. Шет мемлекетке барып, жақсы, мықты әншілермен, композиторлармен бірге жұмыс істеу керек. Құдай қаласа оған жұмыс істеудеміз. Аз ғана уақыт қалды.

Қайратқа шабыт сыйлаған – Түркиядағы тыңдармандары. Шығармашалығын шет елде шыңдауды көздеген Нұртастыңұлы, Наурыз мейрамында Дубайда дүбірлетіп жеке кешін өткізген-ді!

Қайрат Нұртас, әнші:

- Әдемі, әсерлі өтті. Қазақтар сағынып қалған. Қырғыздар, еуропалық ағайындар болды. Француздар болды. 1-2 арабтар болды дегендей. Мен үшін Дубайдан бастаған, мотивация болды. Ары қарай түркі елдеріне қорықпай бара беремін.

Алғашқыда тек қазақша ән салатын Қайраттың репертуарына соңғы жылдары өзге тілдегі туындылар жиі еніп жүр. Хитменнің бұл қадамына тыңдармандары тәнті болса, хэйтерлері ағылшынша акцентін келеке қылған еді.

Желідегі жағымсыз жазбалар, жұлдыздың жігерін жанши алмайды. Қайрат інісімен қосыла орыс тілінде де әндер орындап жүр.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет