Кәмшат Жолдыбаеваның «Ех Ех» атты тың туындысын, әріптесі Айқын Төлепберген сынап тастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

-Ұнады, Кәмшат как всегда прекрасна, фигура💣 даусы да керемет!

-Бейнебаянға жан дүние салынғаны көрініп тұр, заманға сай, әні, сөзі керемет десем артық айтпағаным!

-Отличная работа! На сегодня, Камшат Жолдыбаева для меня N-1 певица КЗ.

Кәмшат Жолдыбаеваның күні кеше жарық көрген «EX EX» бейнебаяны көптің

көңілінен шыққандай. Оған туындының бір тәулікте ютуб трендіне ілінуі мен толассыз пікірлер дәлел.

Кәмшаттың батыл образдары мен сазды әуені өнердегі әріптестерін де бей-жай қалдырмады. Жас әнші Айри мен «EQ» тобының жігіттері, Жолдыбаеваның еңбегі қошеметке лайық деп отыр.

Ayree, жас әнші:

- Жалпы қатты ұнады. Керемет задумка, жалпы Кәмшатта мін жоқ. Ол әрдайым өте креативтік, сексуальная дейміз ғой. Сондай бір талғамы өте жоғары, музыкадан да, жалпы образдан да талғамы өте жоғары маған қатты ұнады.

«EQ» тобы:

- Кәмшаттың клипін мен көрдім. В смысле, өте ұнады. Басынан бастағанда түсінбей қалдым да андай телефонмен ватсаппен сөйлесіп жатыр екен и соңына дейін қарағанда көңілімнен шықты.

- Өнерде жас жоқ және шектеу болмау қажет.

Атышулы әнші кезекті клипінде махаббат тақырыбын қозғап, сүйіктісіне деген сағынышын білдірген-ді. Камшаттың ғашығын жаңа видеода да актер Рүстем Жаныаманов сомдайды. Ал, Жолдыбаеваның ынтық сезімге толы бейнебаяны Айқын Төлепбергеннің көңілінен шықпады.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Енді адамдар музыкасымен, баурай алмаған адамдар уже сондай шешінуге барады деп ойлаймын. Кәмшат, енді не касается, Кәмшат енді өзінің образ енді отыздан асқан қыз ғой. Сондай бір образды ұстағысы келетін шығар. Бірақ енді ол Қазақстанда қатты өте бермейді деп ойлаймын. Көбіне музыкасымен алу керек қой.

Камшаттың ашық-шашық образы спортшыларға да жақпай қалғандай. Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов әншіні біраз сынады.

Қуат Хамитов, аралас жекпе-жек шебері:

-Елдің алдында жүргеннен кейін жаңағы оған көптеген бүлдіршіндер қарайды. Көптеген жастар қарайды. Қыз-қарындастарымыз қарайды, сондықтан кішкене ондай клиптарды түсірмей-ақ қойса деп мен айтатын едім негізі. Оны мың адам емес он мың адам емес, миллиондаған біздің жастарымыз көреді.

 

 

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет