«Bip house» ұжымымен бір күн!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл зәулім сарай танымал тик-токерлер «Bip House» ұжымының үйі. Бір шаңырақ астында тұрып жатқан желі жұлдыздары бар уақытын осында қызықты видеолар түсірумен өткізеді.

Vipenot, «Bip house» қатысушысы:

– Біз таңертең сағат 9-да ұйқымыздан тұрамыз. Бірден таңғы ас ішіп алып, түсірілімге кірісіп кетеміз. Бірінші біздің ортақ аккаунтымызға видео таспаласақ, одан кейін әрбір қатысушы жеке парашқаларына көңіл бөледі.

3 қабаттан тұратын бұл үйде 10 тик-токер бір отбасындай өмір сүріп жүр. Креативті жастарға түсірілім үшін барлық жағдай жасалған. Үлкен терасса, кең бөлмелер, әсем декорация және реквизиттер. Бәрі де ерекше контент ұсыну үшін.

Thedaqlet, «Bip house» қатысушысы:

– Мәселен, бүгінгі түніміз түсіріліммен өтті. Біз тіпті таңғы 6-да ұйқыға жаттық. Бірақ графигіміздің бұзылуы бізге еш кедергі емес.

Аз уақытта ТМД-ға танылған «Bip House» ұжымы бүгінде сұраныстағы тик-токерлер қатарында. Әдетте үйден шықпай видео таспалайтын қыз-жігіттер, қазіргі таңда жарнамалық роликтерге шақырту алып, түрлі түсірілімдерге барып жүр. Блогерлер тіпті, уақыттың тығыздығынан жақындарымен жолығуға мүмкіндік жоғын айтады.

Thedaqlet, «Bip house» қатысушысы:

– Мен соңғы рет ата-анамның үйінде жарты жыл бұрын болдым. Әрине сағынамыз, дегенмен бұл біздің жұмысымыз, әрі табыс көзіміз болғандықтан өз-өзімізге жауаптымыз. Болашақты жоспарлау керек.

Креативті жастар ұсынар контентті алдын-ала жоспарлап, күнде кешкі сағат 10-да кішірігім жиналыс жасайды екен. Онда олар трендтегі тақырыптарды талқыға салады. «Бәрі де күн санап артып жатқан фолловерлер үшін», - дейді «Bip House». Еске салсақ, қазақстандағы алғашқы тик-ток хаустың оқырмандары бүгінде 11 млнға жетсе, лүпіл саны 322 млн-нан асып отыр.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет