Ayree «Super Bowl» шоуының қатысушысы атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айри Американың Ұлттық футбол лигасының чемпиондарын анықтайтын шараның апталығына арнайы шақырту алған көрінеді. Талантты өнерпаз шетелдік тыңдарман үшін репертуарындағы «Мұңайма енді» трегін орындады.

Айридің орындауын тікелей трансляция арқылы тамашалаған жоба авторлары оның өнеріне тәнті болғані. Осымен 55-ші мәрте ұйымдастырлып отырған ауқымды шараның менеджері Ed Keane отандасымыздың «Super Bowl»-ға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Ed Keane, менеджер:

- Әсем әнімен әйелдер арасындағы футболды насихаттауға атсалысқан Айриді атап өткім келеді. Ол өзінің нәзік дауысымен біздің жүрегімізге жете білді. Айри сен өте таланттысың.

«Таңғажайып әртіс!» «The Suki and Scott» шоуының жүргізушісі Sukanya Krishnan Айриды шетелдік тыңдарманға дәл осылай таныстырды. Америкалық тележұлдыз отандасымыздың өнерін жоғары бағалап қана қоймай, онлайн-сұқбатқа шақырды.

Sukanya Krishnan, тележүргізуші:

- Жас талантты өз шоуымның қонағы ретінде көрсем деймін. Айри, сені «The Suki and Scott» эфирінде күтемін!

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет