«iTunes kz» чартының көшін кімдер бастап тұр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мона Сонгз әлі де «iTunes kz» чартының көшінде! Еске салсақ, музыкант «Салют Вера» әнін қайта хитке айналдырып, күллі ТМД-ға танылып отыр. Өнерпаз Валерий Меладзенің 15 жыл бұрын жарық көрген композициясын кавер нұсқада орындап, трендттен түспей келеді.

Қазақстандық тыңдарман сондай-ақ, Ваня Дмитриенконың су жаңа «Венера-Юпитер» трегіне жоғары баға беруде. Небәрі 15 жастағы ресейлік өнерпаздың туындысы «iTunes kz»-те екінші орында. Жас музыкант тіпті бірнеше күн бұрын аталмыш әнге клип таспалап, фанаттарын қуантқан-ды.

Ерек коллаборация! Соңғы бірнеше жылда ТМД-да хитмен атанған Elman мен Jony бірігіп ұсынған «Балкон» трегі топ үштікте. Қос музыкантың ортақ туындысы 1 ай бұрын жарық көрген еді.

Сондай-ақ, күні кеше Рита Орамен біге альбом ұсынған отандасымыз Иманбек Зейкеновтың да туындысы «iTunes kz»-тен табылды. Үнтаспадағы «Big» трегі үздік ондыққа еніп отыр!

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет