Трендтен түспеген «Clubhouse» желісі туралы жұлдыздар не дейді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Clubhouse бүгінде ең жиі жүктелген бағдарлама атанып отыр. 2020-де қолданушыларға ұсынылған қосымшаның таралуына Илон Маск тікелей себепкер. Миллиардердің аталмыш желі арқылы аудиоэфирге шығуы көптің қызығушылығын тудырса керек. Бұл бағдарламаның артықшылығы да сол, әлемнің әр түкпіріндегі адам кез-келгенмен еш қиындықсыз байланысқа шыға алады. Онда түрлі тақырыптағы спикинг румдар ашып, тыңдарман өзара пікір алмасады.

Clubhouse қосымшасы әзірге iPhone иегерлеріне ғана қолжетімді. Одан бөлек, желіге тіркелу үшін өзге қолданушының шақыртуы қажет. Clubhouse-тың трендке айналғаны сонша, ғаламторда осындай инвайтты ақшаға сататындар да көбейген. Шақырту құны 2000 мыңнан 80 000 теңгеге дейін барады.

Clubhouse-қа алғаш болып тіркелгендердің бірі – Әділ Лиян. Танымал тележүргізуші желінің артықшылығын былай деп түсіндірді.

Әділ Лиян, тележүргізуші:

- Clubhouse бүгінгі күндегі ең ақылды, пайдалы желі дер едім. Себебі, оған кіріп білімді, ақылды спикерлердің сөзін тыңдап, түрлі тақырыптарды талқылай аласың. Уақытты пайдалы өткізіп, түрлі инсайт аласың.

Сондай-ақ, Әділ Clubhouse-тың тиімді тұсы адамдар аудио арқылы байланысқа шыққансоң, адамдар сырт келбетіне бас қатырмайтынын алға тартады. Бұл пікірімен Сара Амангелді де толықтай келіседі. Әнші де көп ұзамай аталмыш желіге тіркелмек ниетте.

Сара Амангелді, әнші:

- Көп адам мысалы сөйлей алып, жаза алмауы мүмкін, оның ішінде жатқан дүниесін текстпен немесе постпен жеткізе алмауы мүмкін. Сондықтан да мен ондай затты қолдаймын. Адамның дауысын естігеннің өзі былай білесің ғой, кім алдап тұр, кім шын ниетімен айтып тұр, кім қалай, қай оймен айтып тұрғанын.

Алайда бүгінде трендттен түспеген әлеуметтік желінің келешегіне күмәнмен қарайтындар да табылды. Мәселен, әйгілі әзілкеш Нұрболхан Шарапов бұл бағдарламаның болашағы бұлыңғыр екеніне сенімді.

Нұрболхан Шарапов, әзілкеш:

- Бәрібір сол күнделікті Ватсап, инстаграм, фэйсбукке үйреніп қалған халық бәрібір сонымен қалатын сияқты. Ол жерде дауысын ғана естисің ғой, кім екенін де білмейсің ғой.

Clubhouse болашақта әр әдамның күнделікті өмірінің бір бөлшегіне айнала ма, жоқ па әзірге белгісіз. Бүгінде бұл желінің құны 1 миллиард долларға бағаланып отыр.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет