Серік Ибрагимов жарына тосынсый жасады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Серік Ибрагимов халқаралық әйелдер мерекесінде жарына уақыт арнап, көңіл бөлуді міндеті санайды. Айтулы күнде әнші балаларының анасына тосыннан гүл шоқтарын тарту етіп, бір қуантты. Алайда, өнер иесі раушан мен қызғалдақты тек мейрамда ғана емес, себепсіз сылау отбасында дәстүрге айналғанын айтады.

Серік Ибрагимов, әнші:

– Әйеліме көбінесе гүл сыйлауға тырысамын. Бір штуктан болса да қызыл роза ше, 1 штуктан болса да сыйлап тұрамын. Мен баяғыда тұратын квартирада тұратын едік, квартирамның астында гүл сататын еді, сол өткен сайын: «Братан гүл алмайсыз ба?», - деп тұрады да маған.

Бұл күні Ибрагимов жұбайын тек гүлмен ғана емес, романтикалық кешкі аспен таңқалдырды. Серік шығармашылықтан қолы босамағандықтан, кейде әйелі

Айнамкөзге жеткілікті уақыт бөлінбейтінін айтады. «Ал жарыма табыстаған ең бағалы тартуым баспана болды», - дейді ол.

Серік Ибрагимов, әнші:

– Енді ақшамен есептейтін болсақ, басқамен есептейтін болсақ ол үй деп ойлаймын. Енді шынымен де ғой ол қыз баласы болғаннан кейін міндетті түрде бірінші жаңағы үй болса екен жеке үйіміз квартирамыз болса екен деп армандайды.

Серік Ибрагимов сондай-ақ, барша нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Серік Ибрагимов, әнші:

– Қымбатты ақжаулықты аналар, сұлу да көркем, сымбатты қыз-келіншектер баршаларыңызды шын жүректен келіп жеткен төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Осындай керемет мерекедесіздерге тек қана жақсылық, бақыт тілеймін.

Пікір қалдыру үшін сізге кіру қажет