Дидар Кәден анасы Лидия Кәденге қандай әсерлі тарту табыстады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Көктемнің әсем мерекесі – 8 наурызға орай, Дидар Кәден анасына арнап, бейнебаян таспалады. Өнер иесінің айтуынша, туынды осыдан 2-3 жыл бұрын дүниеге келген. Қаржыдан қысылып, бағалы тартуға ақшасы болмағасын, анасы Лидия Кәденге ән сыйлаған.

Дидар Кәден, әнші:

- Басында сөзі мынадай болған «Әдемілер әлемінің әдемісі, қазақтың Лидия Кәденісі» болған негізі сөздері. Одан да барлық аналарға деп екеуміз ақылдасып сол сөзін өзгертіп жаздық.

Осылайша, алғашында анасына арналған туындыны Дидар мереке қарсаңында барша нәзік жандыларға тарту етуді ұйғарған. Ал бұдан бөлек, әнші Лидия апайға қандай сыйлық әзірлеуде?

Дидар Кәден, әнші:

- Негізі жыл сайын қымбат бұйымдар, алтын алқа, сақина білезік деген жыл сайын соны бірем да, қазір енді 8 наурыз қарсаңында қайталау болмасын, керек заттары болып қалуы мүмкін немесе тірідей адам болып қалуы мүмкін десең.

Ал «Ринголық» Аян Бірбаев болса, тарту таңдауда Дидар сынды креативті емес екен. Сондықтан да әнші орынсыз заттар алғаны үшін, жарынан жиі сөз естиді екен.

Аян Бірбаев, «Rin’Go» тобының әншісі:

– Білесіздер ма, әр жыл сайын анама не сыйласам екен деп бас қатырам. Ақыр соңы таңдауым қазан сынды ыдыс-аяққа түседі. Мұны естіген әйелім: «Анаңа қазан сыйлап, тамақ істетіп қоймақшысың ба», - деп ұрсады.

Есесіне, Қыдырәлі Болман өзіне алты бүлдіршін сыйлаған «Қақатын» қалай таңқалдыруды жақсы біледі.

Қыдырәлі Болман, продюсер, «Құрмет» орденінің иегері:

- Қарақатқа бір оригиниально не істесем екен деп. Қабырғаға алдымда «Жаным сол, Қақатым мен сені жүрегіммен сүйемін» деп жаздымда, точкасын қойдымда, видеоға біреу түсіріп тұрды, бірақ Қарақат соған бес қоятын сияқты.

Пікір қалдыру үшін сізге кіру қажет