Хабиб Нурмагомедов блогерлерді басып озды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Хабиб Нурмагомедов парақшасындағы белсенділік бойынша, инстаграмның көшін бастады! Аралас жекпе-жек шеберінің аккаунты ақпан айында 21 миллионнан астам лайк пен комментарий жинаған. Еске салсақ, «Brand Analytics» бұл тізімді ұсыну үшін ресейлік әлуметтік медиадағы 2021жылғы 2,5 миллиард жарияланымды зерттеп шыққан.

16 миллион лайк және комментаримен екінші орынға Ксения Бородина жайғасты. Тележүргізушінің әлеуметтік желіде танымалдылығының артуына Ресейдегі орташа жалақыға айтқан азулы пікірі себеп болған. Тізімдегі белсенділер үштігін 10 миллион лүпіл мен пікір жинаған жұлдызды визажист Гоар Аветисян түйіндейді.

Ресейлік әріптестері сынды, отандық өнер өкілдері де инстадағы белсенділікті арттыруға тырысады. Тіпті, олардың кейбірі мақсатты түрде арнайы амалдарға барып жатады екен. Соның бірі – актриса Дарья Александрова.

Дарья Александрова, актриса:

- Оның көмегі зор, мысалы мен қызымның суретін салсам, 1,5-2 мың ғана лүпіл жинайды, ал бөксемді жүктесем, 7 мың лүпіл болады. Олар мені топ ішінен бөксем арқылы табады да, парақшама кіріп, пайдалы жазбаларымды оқып, аккаунтыма жазылуды ұйғарады. Бұл – қулық.

Ал әнші Динара Сұлтан үшін инстада комментари и лайк жинаудың құпиясы тым қарапайым.

Динара Сұлтан, әнші:

- Егерде сіз менің парақшамды қарайтын болсаңыз менде ешқандай хэйтерлар деген подписчиктер жоқ. Өйткені мен өте орынды мүмкін ойымша мәселелер қозғаймын.

Еске салсақ, бұған дейін Нұрлан Қоянбаев Қазақстан туының фотосын инстаграмға жүктеп, ең көп комментаримен әлемдік рекорд орнатуға талпынған болатын. Продюсердің аталмыш фотосы бүгінде 11 миллионнан астам комментарий жинаған.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет