Харли Квин араға қайта оралмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұзақылар ортамызға қайта оралды! Көпткен күткен «Баскесерлер жасағы» араға 5 жыл салып екінші бөлімін көрермен назарына ұсынбақ. Фантастика бұл жолы әлемдегі қауіпті қылмыскерлер отырған түрмедегі оқиғадан басталады. Лентада Марго Роббидің сомдауындағы Джокердің ғашығы Харли Квин, Сильвестр Сталлоне, Виола Дэвис және Идрис Эльба сынды танымал голливуд жұлдыздары бой көрсетеді. Фильм тамыз айында ұсынылмақ.

Джейсон Стэйтем болса, режиссер Гай Ричидің «Адамзат ашуы» атты туындысында басты кейіпкер атанды. Актер лентада Эйч есімді оққағардың образын сомдайды. Онда ол ұлын өлтіріп кеткен жауларынан кек алмақ. Картинаның АҚШ пен Ұлыбритания елдері бірлесе түсірген. Детектив сәуір айының соңынан бастап әлем бойынша үлкен экрандарда жарық көреді.

«Мортал Комбат» компьютерлік ойыны енді толықметрлі фильм. Фантастика 1995 жылы жарық көрген «Смертельная битва» лентасының жаңаша нұсқасы.

Фэнтези лента жауынгер Коул Янгтың шайқасын баяндайды. Пандемия кесірінен бірнеше мәрте кейінге шегерілген лента енді сәуір айында үлкен экрандарға жол тартпақ.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет